Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету



бет66/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету

Көрмейтін (зағиптар) деп көру көмегі арқылы зат формасының сұлбасы мен жарықты сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар есептеледі. Мұндай екі көзінен толық айрылу (тотальді) болып саналады. Бұлардың қатарына көру аймағы 10% көретіндер де жатады. Зағип және нашар көретін балалардың даму процесі көретін балалар сияқты бір заңдылыққа бағынады. Алайда, көруден айрылу немесе қалдық көруі бар балаларды дамытудың кейбір ерекшелігін ескеруді талап етеді. Олар заттар мен құбылыстарды көзбен шолу сипатындағы жарықты, түсті т.б. бақылау мен қабылдаудың қиындығын сезінеді. Оларда кеңістік белгілерін, орналасуын, бағытталуын, қашықтығын, көлемін, нәрсенің бедерін т.б. бағалауда үлкен қиындық келтіреді.
Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:

  • офтальмологпен тағайындалған көруді түзету құралдары (көзілдірік, жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік );

  • табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік),;

  • оқығанда, жазғанда, сурет салғанда сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар;

  • балаларға арналған қосымша құрылғылар (Брайл жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған машинкалар , рельефті суретке арналған «Школьник», оптикалық құралдары – лупа, линзалар, телескоптік құралдар–офтальмологтің ұсынымдамасы бойынша және басқалар);

  • тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші);

  • көруді қорғау талаптарына жауап беретін арнайы оқу құралдары (рельефті-көрнекі құралдар, географиялық карталар, схемалар және т.б.);

  • аудио-және бейнеаппаратуралар;

  • арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет