Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастыру



бет65/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастыру

«Психикалық дамудың тежелуі» (ПДТ) ұғымы орталық жүйке жүйесі аздап органикалық немесе функционалды бұзылған, сондай-ақ ұзақ уақыт депривацияға (қолайсыз әлеуметтік ортада) ұшыраған балаларға қатысты қолданылады. Бұған эмоционалды-ерік саласы жетілмеу және таным әрекетінің дамымауы тән болып табылады. ПДТ балаларда танымдық қызығушылығының жеткіліксіз көрінуі жадысының бұзылуы, есту және көру түйсігінің жетіспеушілігі, нашар қозғалуымен үйлеседі. Қол буындары қозғалуының кішкене дифференциалдануы жабыстыру, сурет салу, құрастыру, жазу әрекетінің нәтижесіне теріс ықпал етеді.
Кіші мектеп жасында оқу әрекетінің тұлғалық компоненттерінің жетілмегендік белгілері байқалады:

  • оқудағы жетістіктері мен өзінің мінез-құлқына жауапкершіліктің болмауы;

  • оқуға немқұрайлы қарау;

  • сыни қарудың жеткіліксіздігі; өзін-өзі жоғары бағалау;

  • өзін-өзі реттеудің болмауы (іс әрекетінің ішкі жоспары, мақсатты бағытталушылық, өзін-өзі бақылау).

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың негізгі міндеті оларды негізгі орта білім алуға қабілетті арнайы жағдаймен қамтамасыз ету болып табылады. Оқытудың бастауыш деңгейінде – 0, 1-сыныптар және ерекшелік ретінде 2-сыныптарда арнайы сыныптар ашудың мәні бар. Оқушыларды оқытуда қиыншылықтардың пайда болу себептерін дер кезінде анықтау және оларды оқыту мен тәрбиелеудің барабар жағдайымен қамтамасыз ету маңызды. Мектептік оқытудың кері тәжірибесі, псхикалық дамуы тежелген оқушылардың мектептік сәтсіз жағдайларда ұзақ уақыт болуы оны мектепке бейімсізденуге алып келеді, тіпті эмоционалды ортаның қалыптасуына кері әсерін тигізеді, тұрақты үлгермеушілік пен мінез-құлқының бұзылуын өршітеді. Оқу әрекетін қалыптандыруда және оқытудағы қиыншылықтарды жеңуде оқушыларды ПМПК қорытындысы бойынша оқытудың кез келген кезеңінде жаппай түрдегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық даму тежеліс түрі көрсетілген жағдайда негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі бар. Негізгі мектептердің арнайы сынып түлектері ТжКБ мекемелерінде оқуын жалғастыра алады. Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды дамыту ерекшеліктері, олардың мектептік оқуға дайындығының төмендігі оқу жоспарларын, бағдарламаларды түрлендіруді, оқу материалын қайта бөлуді және оны өту қарқынын өзгертуді қажет етеді. Псхикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, бастауыш білім беру деңгейіне арналған арнайы бағдарламаларға, түзету пәндері бағдарламаларына сәйкес, арнайы сынып жағдайында іске асады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1 жылға артуына байланысты жалпы білім беретін бағдарламалар мазмұны оқушылардың ерекшелігі ескеріле отырып, қайта бөлінеді және бейімделеді. Оқу процесінде жалпы білім беру оқулықтары, сонымен қатар, арнайы әзірленген дидактикалық материалдар (жұмыс дәптерлері), АКТ және оқушылардың танымдық мүмкіндігі ескерілген т.б. материалдар қолданылады. Оқытудың бастапқы кезеңінде (1,2-сыныптарда) «кіші қадам» әдісі маңызды орын алады. ол балалардың зияткерлік жұмыс қабілетінің төмендігін ескере отырып, жаңа материалды оқытылатын түсінік мәнін оқушылардың түсіну мүмкіндігіне сәйкес кішігірім мөлшермен беруді талап етеді. Сонымен қатар, оқу материалын кең көлемде ашу (оқушыларда ойлаудың қорытушы функциясының жақсы дамуына сүйенетін «дидактикалық бірлікті ірілеу» әдісіне қарама-қарсы) да маңызды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет