Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Тұлғалық-бағдарлық тәсіл инклюзивтік білім берудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде



бет21/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Тұлғалық-бағдарлық тәсіл инклюзивтік білім берудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде

Инклюзивті оқытуды енгізу оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған әдістерін қолдануға негізделген. Педагогикалық процесті ұйымдастыруда тұлғаға бағытталған көзқарас батыстық гуманистік психология қағидаттарына негізделеді: жеке тұлғаның өзіндік құндылығы, оған терең құрмет пен жанашырлық, оның жеке басын ескеру және т. б. Мақсаты – баланың ақыл-ойының дамуына ғана назар аудармай, сонымен бірге баланың өзін тұтас тұлға ретінде қабылдау. Оның рухани, эстетикалық және шығармашылық бейімділігі және басқа да қабілеттерін дамытуды қамтиды. Ол үшін оқу жүйесін әртараптандырып, командада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, балаға тең қарым-қатынас басымдылығы көрініс табады. Бала өзін басқалардан төмен санамау қажет, керісінше өзінің мықты тұстарын ашады. Тұғыр үш негізгі түсіну, қабылдау, тану компоненттерінен құралады.



  1. Іс-әрекеттік тәсіл инклюзивтік білім берудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде

Іс-әрекеттік тәсіл оқушыларды танымдық әрекеттің субъектісі ретінде қарастыруды көздейді. Іс-әрекеттік амал-тәсілдері негізіне әрекет теориясы жатады. Оның басты постулаты былай айтылады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің нәтижесі: білімділік, танымдық іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, танымдық іс-әрекеттің мақсатын қоя білу, мазмұн мен жұмыс істеуге қажетті тәсілдерді таңдай білу, өзін-өзі бағалай білуі.



  1. Құзырлылық тәсіл инклюзивтік білім берудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде

Педагогикалық процесті білім беру кеңістігіне қатысушылар арасындағы диалог ретінде құрылымдау педагогтың кәсіби құзіреттілігінің жоғары деңгейде болуын талап етеді, мұнымен байланысты инклюзивтік процестерді зерттеу мен модельдеу үшін білім беруді құзіреттілік тәсіл ерекше құндылыққа ие.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет