Орта сапасы — инклюзивті білім беруге барлық қажетті жағдайларды жасаған ұйымдардың жалпы білім беру ұйымдарының жалпы санынан үлесі, бұл көрсеткішті білім берудің түрлі деңгейлері тұрғысында бөлек қолданылуға болады.
Қосу деңгейі — ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың және олардың өкілетті өкілдерінін білім беру қызметтерін сапалы ұсыну және жалпы білім беру ұйымдарында олардың қажеттіліктерін ескеру денгейімен қанағаттану дәрежесін шамалау.
Қамту сапасы — білім берудің әртүрлі денгейі және ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың түрлі категориялары (мүмкіндіктері шектеулі, оралмандар, жетімдер және басқа категориядағы адамдар) бойынша ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санындағы инклюзивті біліммен қамтылған тұлғалар санының үлесі.
Қолайлы жағдай жасау деңгейі — бейімделген, қолайлы білім беру кеңістігін қалыптастыру, кемсітушілікке, бөлектеуге жол бермеу бойынша шаралар қолдану.
Жүйелілік тұғыр білім беру теориясы мен оқыту теориясының үйлесімді жүйесін дамытуға, оның барлық негізгі элементтерін (мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері) сипаттауға мүмкіндік береді.Жүйелілік талдаудың категориялық матрицасына талдаудың үштігі (құндылық, ұйымдастырушылық, мазмұндық компоненттер), құрылымдық өзгерістер синхронизациясы (синхрония), моделденетін жүйелердің фракталдығы (өзіне ұқсастығы) сияқты қосымша категорияларды енгізуді ұсынады. Педагогикалық еңбектерде жүйелік тәсілдің мәні белгілі бір жүйеде және жүйе мен сыртқы орта арасындағы әртүрлі ішкі жүйелер арасындағы жүйелік байланыстар мен қатынастар құрылымының заңдылықтарын анықтау және есепке алу деп түсініледі. Жүйелілік тәсіл инклюзия жағдайында өтіп жатқан процестерді жан-жақты түсінуге, субсистемалардың байланыстары мен қарым-қатынастары механизмдерін ұғынуға көмектеседі.