Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет45/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Үштілді білім беру іс жүзінде:
1) қазақ, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру;
2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және шетел тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;
3) сабақтан тыс іс-әрекеттер мен элективті курстарды қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру арқылы іске асырылады.



  1. Жалпыға міндетті мектепке дейінгі жəне мектептегі ұйымдардың білім беру бағдарламалары.

Мектепке дейінгі ұйымдарда меншік түрі мен нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан тәрбиелеу-білім беру процесі:

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) (бұдан әрі – Стандарт);

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 желтоқсандағы № 557 бұйрығы);

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.

  • Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдар Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын басшылыққа алады (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы).

Стандарт:
1) тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына;
2) тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне;
3) тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды анықтайды.

Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу:



  • физикалық дамыту;

  • коммуникативтік дағдыларды дамыту;

  • танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;

  • балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;

  • әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, олардың меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет