Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет57/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады.



  1. МШБ мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы бұл ерекше мәртебеге ие отбасы. Олардың ерекшеліктері мен проблемалары, сол отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерімен, олардың өзара қарым-қатынастарымен ғана анықталмайды, бұл отбасында кемтар баланың проблемалары басым болады, көп жағдайда, мүгедек баланың анасына, жұмыс істеуден бас тартуға тура келеді. Кішкентай мүгедек балалар оқшау өмір сүрмейді, отбасы, бала үшін анағұрлым жайлы, әрі жақын әлеуметтік орта. Бірақ, отбасында кемтар баланың болуы тәрізді жағдай отбасының кейбір мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, отбасы мүшелеріне мол табыс табу мүмкіндігінен, әлеуметтік белсенділіктен немесе алыс, қымбат жерлерде демалу тәрізді мүмкіндіктерден, бас тартуға тура келеді. Даму мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылардың, әдетте дәрігерлік және әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктері, олардың әлеуметтік жағдайына сай бола бермейді.
Мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ететін білім беру ұйымының мамандары ата-аналармен жұмысын ұйымдастырады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі баланы оқытудағы және тәрбиелеудегі жанұяның әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру.
Баланың жанұясымен жұмыстың негізгі міндеттері:

  • ата-аналарда өзінің баласына деген сәйкес қатынасты, оны жанұяда тәрбиелеудің белсенді позициясын қалыптастыру;

  • ата-аналарға баламен өзара әрекеттену тәсілдерін, жанұя жағдайында оны тәрбиелеу және оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектесу;

  • ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмысына белсенді тарту;

  • ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ақпараттандыру.

Ата-аналармен жұмыс – жеке әңгімелесу және кеңес беру; ата-аналық лекторий; ашық есік күндері, семинарлар және т.б. түрінде жүргізіледі. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіне тартылады, сабаққа және түзету сабақтарына шақырылады, түзете дамыту және білім беру үдерісінің нәтижелері туралы шынайы және толық ақпарат алады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет