Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің маңызы



бет58/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің маңызы.

Инклюзивті білім беру мынадай нақты құндылықтар мен ұстанымдарға негізделеді:
● әр адам білім алуға құқылы;
● білім беру туылғаннан басталады. Ерте жаста білім беру ерекше қажет, бірақ ол ересек жаста аяқталмайды, себебі бұл үдеріс өмір бойы жалғасады;
● барлық балалар білім алуы керек;
● әр адам белгілі бір сала бойынша не белгілі бір уақытта оқыту бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін;
● әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж;
● мектеп, мұғалім, отбасы бала ғана емес, өзге тұлғаларды да оқытуға ықпал етуге жауапты;
● әр түрлі болу табиғи жағдай, ол өте бағалы және қоғамды толықтырып отырады;
● біреуді кемсіте қарым-қатынас құру әрі бұндай мінез-құлық таныту сынға түсу керек. Балаларды толеранттылық тән және әртүрлілікті қалыпты жағдайда қабылдайтын инклюзивті қоғамда өмір сүруге дайындау керек;
● мұғалімдер өздерімен өздері өмір сүрмеу керек, олар да үнемі қолдауға мұқтаж.

  1. Инклюзивті білім беру МШБ мен ересек адамдар дискриминациясымен күресетін құрал ретінде.

Инклюзивті білім беру дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретінмекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет