Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


«Оқу процесін бейімдеу» мен «модификациялау» түсініктеріне анықтама беріп, міндеттерін анықтаңыз



бет85/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

«Оқу процесін бейімдеу» мен «модификациялау» түсініктеріне анықтама беріп, міндеттерін анықтаңыз.

Инклюзивті мектепте оқыту процесін бейімдеу мен модификациялау контекстінде арнайы білім беру тәжірибесін пайдалануға болады: нақтырақ, жаңа түзету педагогикалық технологияларын (А.Т.Баймуратова, В.В.Воронкова, А.М.Змушко, Л.Р.Муминова, Л.И.Солнцева және т.б.) және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды интеграциялау мақсатымен құрастырылған жалпы білім беру кешендерін (Н.Н.Малофеев, Л.М.Шипицина, Т.В.Егорова, Е.В.Резникова, Н.В.Щевцова, М.Л.Баранова және т.б.). Дәстүрлі деңгейде, бейімдеу түсінігі адамның ол үшін жаңа ортаға және оның жағдайларына үйрену процесі деп анықталады. Бейімделу дегеніміз жағымды (бейімделу, яғни психика мен ағзаның барлық пайдалы өзгерістерінің жиынтығы) немесе жағымсыз (стресс) нәтижелерге әкелетін белсенді процесс. Нәтижелі бейімделудің негізгі екі көрсеткіштері бар: ішкі жайлылық – эмоционалдық қанағаттану және сырттай адекватты іс-әрекет – жаңа талаптарды оңай және нақты орындау қабілеттігі.
Оқу процесіне нәтижелі бейімделудің көрсеткіші оқушылардың үлгерімі, жетістіктері болады. Баланы жеке оқу бағдарламаларын қолдану арқылы оқыту, оған қойылған ерекше оқу мақсаттарына жетуге көмек береді. Мүмкіндігі шектеулі балаға арналған жеке оқу бағдарламасының негізгі мақсаты – мүмкіндігінше, «бұзылыстарды түзету».
Білім беру бағдарламасын бейімдеудің негізгі міндеттері:

  • баланың даму ерекшелігі себебінен пайда болған кемістіктердің орнын толтыру;

  • білім беру мазмұны және ұйымдастырылуымен байланысты тәуекелдердің әсерін төмендету;

  • баланың дамуы мен ұжымға бейімделу қажеттіліктерін іске асыру;

  • мемлекеттің білім беру қызметін көрсету тапсырысын орындау.



«Модификациялау» дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға, құрдастарымен салыстырғанда, ерекше жағдайлар жасау: тапсырманы орындау түрін, тапсыру мерзімін, оны ұйымдастыру, нәтижелерді ұсыну тәсілдерін өзгерту. Білім алушының жеке білім алу жоспарына мәліметтерді ұсыну тәсілдеріне байланысты өзгерістер (модификациялар) енгізілуі керек. Бұл өзгерістер оқушының жеке білім алу қажеттіліктеріне сай келуі керек, сонымен қатар оқушылардың оқу процесінде кезігетін қиындықтары мен қажеттіліктерін, ой-пікірлерін білу қажет. Модификациялаудың мысалы болып оқушылардың жалпыға білім беру бағдарламасын жартылай орындауы табылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет