Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Жеке білім беру бағдарламасының құрылымын сипаттаңыз



бет88/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Жеке білім беру бағдарламасының құрылымын сипаттаңыз.

Оқу пәні бойынша қысқартылған / жеке бағдарлама оқу тоқсанына құрылады, оның нәтижелері бойынша келесі тоқсанға арналған бағдарлама жасалады. МЖМБС-да белгіленген көлемде және оның сыныпта оқу қарқынына сәйкес оқушы оқу пәнінің мазмұнын меңгеруде қиындықтарға тап болған жағдайда оқу бағдарламаларын қысқартуды (бейімдеу) талап етіледі. Жеке оқу бағдарламаларын жасау ПМПК ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады: "Жеке оқу жоспары және жеке оқу бағдарламалары бойынша оқыту». Жалпы сынып жағдайында зияты зақымдалған оқушы үшін жеке оқу бағдарламасы жасалады. Оқу жоспарын дараландыру оқушының қатысуы міндетті болмайтын оқу жоспарының пәндерін (мысалы, алгебра немесе шет тілі) айқындаудан тұрады.

  • Арнайы, жеке және бейімделген оқу бағдарламалары бойынша оқыту кезінде оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлерін өзгерту ұсынылады.

  • Вариативті, арнайы және балама технологияларды, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, оның ішінде мінез-құлықты қолданбалы талдау қағидаттарына негізделген әдістерді пайдалану.

  • Оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді (бұдан әрі – ОӘК) іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау ұсынылған оқу бағдарламасының мазмұнына және қолданылатын оқыту әдістеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жобасы:


  1. Титул парағы (бұл бағдарлама кіммен, қашан келісілген және бекітілген, кім үшін жасалған).

  2. Түсіндірме жазба (бағдарламалық қамтамасыз ету, осы бағдарламаны іске асыру шарттары мен нысандары, бағдарламаны игеру мониторингінің кезеңдері мен нысандары, іске асыруға қатысушылар, топта қысқа мерзімді болу кезіндегі режим сипаттамасы және т. б. туралы ақпаратты қамтиды.)

  3. Жеке оқу жоспары (баланың қажеттіліктерін ескере отырып, тақырыптарды зерделеуге бөлінген сағат саны, мүмкін болатын өзгерістер).

  4. Бағдарламаның мазмұны (Білім саясатын ескере отырып, бағдарламаны игерудің мазмұнды-мақсатты шеңбері беріледі, Жеке оқу жоспары келісіледі). Бұл бөлімді 3 компонентке бөлу ұсынылады: білім беру, тәрбиелеу және түзету)

  5. Қорытындылар мен ұсынымдар (диагностика нәтижелері бойынша түзетулердің негіздемесі және білім берудің келесі кезеңінде ерекше білім қажеттіліктері бар баланы одан әрі сүйемелдеу жөніндегі ұсынымдар).

  6. Іске асыру кезеңінде жеке білім беру бағдарламасын меңгерудің жоспарланатын нәтижелері (бағдарламаны игеру серпіні болжанады, нәтижелілікке қол жеткізу үшін жұмыс нысандары ашылады, материалдық-техникалық қамтамасыз ету сипатталады).






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет