Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Оқулықтарды, оқу бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын бейімдеу жұмысының тиімді іске асырылуы бойынша ұсыныс жасаңыз



бет87/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Оқулықтарды, оқу бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын бейімдеу жұмысының тиімді іске асырылуы бойынша ұсыныс жасаңыз

Мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі. Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады. Арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу материалдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылымдары бар балаларға қолдану қажет:

  • көру (ірілендірілген шрифті бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, Брайль шрифтімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, арнайы муляждар);

  • тірек-қимыл аппараты (ірілендірілген шрифтпен жазылған және т.б.); есту (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б.);

  • зиятының бұзылуы (ОӘК-нің түпнұсқасы).

Арнайы сынып оқушылары кәдімгі және/немесе арнайы оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) пайдалана отырып оқиды, олар тиісті түрдегі арнайы мектептер үшін шығарылған.



  1. Жеке оқу жоспары мен жеке білім беру бағдарламасына сипаттама беріңіз, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын талдаңыз.

Жеке оқу жоспары – Үлгілік оқу жоспары негізінде оның жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиеші және/немесе психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары құрастырған оқу жоспары;
Жеке оқу бағдарламасы – Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оның жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиеші және/немесе психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары құрастырған оқу бағдарламасы;
Білім беру бағдарламаларының негізінде оқу жоспарлары (жұмыс оқу жоспарлары,
студенттердің жеке оқу жоспарлары) қалыптастырылады және оқу пәндері бойынша
жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет