Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Түрлі категориялы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру материалдарын бейімдеу бағыттарына сипаттама беріңіз



бет86/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Түрлі категориялы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру материалдарын бейімдеу бағыттарына сипаттама беріңіз.

Мектеп қоғамына, құрдастарының тобында мүмкіндігі шектеулі баланың бейімделуіне жағдай жасау:

  • интерактивті тәсілдер көмегімен сабақтар, сыныптан тыс сабақтар мен іс-шаралар ұйымдастыру;

  • әр баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі таныту қажеттілігін іске асыруға, мектептің, сыныптың өміріне қатыстыруға бағытталған жұмыс жүргізу;

  • балалардың оқу жетістіктерін, оқу және сыныптан тыс іс-әрекет нәтижелерін адекватты бағалау тәсілдерін қолдану.

Көптеген зерттеушілер білім берудегі оқу мақсаттарын, білім беру бағдарламаларын, типтік оқу жоспарларын бейімдеу мен модификациялау арқылы реттеуге бағытталған жоспарлы жұмысты мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті сынып жағдайында басқалармен қатар сапалы білім берудің нәтижелі тәсілі деп санайды.
Білім беру бағдарламасын бейімдеудің негізгі міндеттері:

  • баланың даму ерекшелігі себебінен пайда болған кемістіктердің орнын толтыру;

  • білім беру мазмұны және ұйымдастырылуымен байланысты тәуекелдердің әсерін төмендету;

  • баланың дамуы мен ұжымға бейімделу қажеттіліктерін іске асыру;

  • мемлекеттің білім беру қызметін көрсету тапсырысын орындау.




  1. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты сыныптарға қосуда мұғалімнің ролін талдаңыз.

Мұғалімдер ерекше қажеттіліктері бар балалар мен мектеп оқушыларының, олардың ата-аналарының, басқа да мұғалімдердің арасында оң көзқарас қалыптастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс. Нормативті дамыған оқушыларда осы балалардың ерекшеліктері, олар пайдаланатын арнайы құрылғылар туралы сұрақтар туындауы мүмкін. Дамуында ауытқулары бар баланы қалыпты дамыған құрдастарының оң қабылдауына қоршаған ортасындағы ересектердің әсері бар. Мұғалімдер осындай оқушыларды барлық жағдайларда қолдауға және көмек беруге дайын болуы тиіс. Салауатты оқушыларға құрдастарының дұрыс сөйлей алмауын, дұрыс қимылдай алмауын, өздерін басқаша ұстау себептерін түсіндіруі қажет және т.б.

  • білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы мектеп қызметкерлеріне, ата-аналарға, балаларға қажетті ақпаратты беретін іс-шараларды қосу, оның ішінде өмірде табысты, құрметтеу және жоғары қоғамдық мәртебеге ие адамдармен кездесулер ұйымдастыру;

  • мүмкіндігі ерекше қажеттіліктерді керек ететін оқушыларға олар пайдаланатын көмекші құралдар (мысалы, есту аппараттары) туралы айту және оларды қалай пайдалануға болатынын көрсету;

  • ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қалыпты дамушы құрдастарымен бірдей тең табысты болуға мүмкіндік беретін ойынның және пәндік іс-әрекеттердің ұжымдық түрлерін ұйымдастыру;

  • ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға нормативтік дамушы құрдастарының тарапынан оқу процесінде, сондай-ақ үзіліс кезінде бір сыныптан екінші сыныпқа көшу барысында көмек көрсетуі;

  • ерекше қажеттіліктері бар барлық оқушылардың сыныпта және мектепте мәртебесін арттыруға ықпал ету үшін олардың мектепте және мектептен тыс үйірмелерде, спорт секцияларына қатысуын қолдай отырып, дарындылығын ашуға жағдай жасау.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет