Теориялық сұрақтар


Симптом – аурудың бір белгісі, мысалы: бас ауыруы, ентігу. Синдром



бет4/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Теориялық сұрақтар-emirsaba.org

Симптом – аурудың бір белгісі, мысалы: бас ауыруы, ентігу.
Синдром – бірнеше симптомның жиынтығы. Синдромның аталуы негізгі симптоммен аталады. Мысалы: гипертермиялық синдромда негізгі симптом дене қызуының көтерілуі, басқа белгілер- бас ауыруы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, терлеу және т.б.
Диагноз – медициналық терминологиямен жазылған науқастың жағдайы мен аурудың қысқа қортындысы. Бұл қортынды науқастың өзінің айтуынан, қазіргі аурудың тарихы, өмір тарихы және науқасты объективті зерттеу барысында алынған мәліметтер негізінде қойылады. Диагноз қойғанда осы аурудың клиникалық белгілерін басқа аурулардың белгілерімен салыстырып отырып қою керек. Көп ауруларда ұқсас белгілер болуы мүмкүн. Бірақ әр аурудың өзіне тән белгілері болады. Бұны дифференциалды диагностика деп атайды. Диагноздың түрлері: болжамалы, қорытынды.
Соңғы қортынды диагноз науқасқа субъективті, объективті және қосымша тексеру әдістерін қолданып болған соң қойылады.
Диагноздың бірнеше түрін бөліп қарайды: алдын-ала қойылған, дифференциалды, нақты.
Алдын-ала қойылған диагноз науқастың ауру, өмір тарихы, шағымдарына, обьективті зерттеуге сүйеніп қойылады.
Дифференциалды диагноз.
Диагноз қоюда қиыншылық туғызатын жағдай ауру белгілерінің бірнеше ауруда кездесуі.Осы ауру белгілерін басқа ауру белгілерімен салыстыра отырып аурудың айырмашылықтарын қарастырады.Осылай аурудың клиникалық белгілерін салыстыра отырып диагноз қою дифференциалды диагноз деп аталады.
Нақты диагнозды барлық зертханалық, аспаптық зерттеулер жүргізіліп, субьективті және обьективті белгілер анықталып, талдау жасалғаннан кейінгі науқастың ауру тарихына жазады.
Диагностика-ауруларды ажыратуды,ғылыми зерттеуді н/е тексеру арқылы анықтауды диагностика деп атайды.
Диагностика қиындатылатын факторлар:
1). Дәрігер н/е медбике.1). Обективті факторлар:а). Зерттеуге уақыттың тапшылығы.2). Қажетті жағдайларды зерттеу әдістердің мамандардың болмауы.
2). Субективті факторлар.2.1.тәжірбие жетіспеуі.2.2.білімнің жетіспеуі.2.3.жауапкершіліктің болмауы.
3). Науқас: 1)обективті факторлар,1.1.аурудың атифті жасырын н/е жедел ағымы,1.2.сирек ауру,1.3.қарым-қатынастың мүмкін болмауы.
4). Субективті факторлар:2.1.науқастың зерттеуден бас тартуы.2.2.науқастың ақысын зерттеудің төлей алмауы
  1. Медициналық этика және медициналық деонтология.


Медициналық этика және медициналық деонтология


Деонтология – (грекше deon – парыз, logos-ғылым) ол адамның моральдық тәртібін зерттейтін ғылым.
Медициналық деонтология – адамның моральдық эстетикалық қалыпын зерттейтін ғылым. Деонтология этикамен тығыз байланысты.
Этика – адамдардың арасындағы қарым-қатынас және осыдан туындайтын міндеттер. Этика – тәрбиенің бір бағыты болып табылады, ол деонтологиямен, оның мақсатымен, практикада қолдануымен тығыз байланысты. Медициналық деонтологияның мақсатының негізінде медиктердің адамдарға қызмет етуі және бар жан тәнімен көмек беру тәжірибесі жатыр.
  1. Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері. Субьективті тексеру әдістері. Сұрастыру. Сұрастырудың маңызы.


Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістерге сұрастыру, науқасты қарау, сипап – сезу, соққылау, тыңдау жатады.Алдымен паспорттық бөлімді толтырамыз (фамилия, аты, әкесінің аты, жасы). Одан кейін ауру тарихы ол кезде науқастан аурудың себебін, қалай басталғанын, аурудың дамуын,алдын жүргізілген ем шараны және оның нәтижесін сұрастырамыз. Содан кейін өмір тарихы басталады. Өмір тарихы жүктілік кезінен басталады,науқастың қандай аурулармен ауырғанын,қандай екпелер салдырғанын, инфекциялық аурулармен ауырғанын, тұрмыстық жағдайын,жағымсыз қылықтарын сұрастырамыз.Науқастың мамандығын білу аурудың себебін анықтауға көмектесуі ықтимал.Содан соң аллергеологиялық анамнез бұл кезде науқастан неден аллергия бар екенін сұрастырамыз(дәрі-дәрмектерден,жыл мезгілдері ауысқан кезде,жеміс-жидек,шаң тозаң және т.б.).


Шағымдар екіге бөлінеді: негізгі және қосымша болып.
Науқастың шағымдарын мұқият тыңдауымыз керек. Себебі науқас ең алдымен қосымша шағымдардан бастап негізгі шағымдарды айтады.
Сұрастырудың манызы: Сұрастыру болжам диагноз қою үшін өте маңызды.Яғни қандай зерттеу әдісін қолдану керектігін көп жайдайда сұрастыру арқылы білеміз.
  1. Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері. Объективті тексеру әдістері. Жалпы қарап тексеру, диагностикалық маңызы.


Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістерге сұрастыру, науқасты қарау, сипап – сезу, соққылау, тыңдау жатады.


Жалпы қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді. Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін (терісі, шырышты қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ – қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті, пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді.
Сана–сезімнің жағдайы
Сана – сезімнің бірнеше жағдайын ажыратады:
ступор-сұрақтарға нашар немесе кешігіп жауап береді.
Сопор-ұйқы жағдайы
Кома-сана сезім толық болмауы
Науқастың бетінің көрінісі
Жалпы дене бітімі-нормостеник,астеник, гиперстеник типі
Тері және шырышты қабатты қарау
Цианоз
Сарғыштық
Шаш және тырнақты қарау
Мүшелеп қарау
Лимфа түйіндерін қарау
  1. Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері. Антропометриялық өлшеулердің маңызы.


Антропометрия - науқастың денесі мен жеке мүшелерін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау. Мейірбике сырқаттың бойын және көкірек шеңберін өлшейді. Антропометриялық өлшеулер адам денесінің өлшемдерін сипаттайтын өлшемдер- өлшемі мен пішіні. Бойын өлшеу- адамның физикалық дамуын бағалауға, эндокриндік патологияда көрінетін карликизмді және гигантизмді анықтауға мүмкіндік береді. Дене салмағын өлшеу- салмақтың артық және жетіспеушілігін анықтауға, жүктілікті, ісінуді бақылауға, препараттың дозасын есептеуге мүмкіндік береді.адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері ағзаның функционалды жағдайын көрсетеді және денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар.


  1. Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері Пальпация. Пальпацияның түрлері. Диагностикалық маңызы.


Пальпация саусактардын сезiм түйсігіне негiзделген. Ол ертеден колланылып келе жаткан тәсiлдердiн бiрiне жатады, бiрак ХІХ-гасыр дан бастап практикалык медицинада кен өрiс алып дамыды. Бұл тәсiлдiн ерекше дамуына үлес коскан орыс галымдары В.П. Образцов пен Н.Д.Стражеско.


Пальпацияны колданган кезде де белгiлi бiр ережелердi сактау мiндеттi. Бұл ережелер пальпация кезiнде ауру адам мен дәрiгер калпы нын, дәрiгер саусаКТАРЫНЫҢ КАНДАЙ болу керек екенiн және пальпация жургiзудiн техникасын (әдiсiн) камтиды.
1. Аурудын калпы тексеретін мүшенi жеңiл тауып, оны сипап карауга мумкіншілік туғызатын ынгайлы болуы керек. Тексеретін мүшенін түріне карай ауру адам турган, отырган, жаткан т.б. калыптарда болады.
2. Дәрiгер колдары тез шаршамайтын, өзiне ынгайлы калыпта болу
керек. Тез шаршаган колдын сезiмталдығы азаяды.
3. Дәрiгердiн колдарынын тырнагы алынган, жылы және жұмсак болуы керек. Тырнак аурудың терiсiне батып, ауыргандык сезiм туды рады. Салкын және катты кол аурудың денесiн тiркендiрiп, булшы кеттiн жиырылуын коздырады. Булшыкеттiн жиырылуы сипаудын нәтижесiне теріс әсерін тигізеді. 4.Колданылатын әдiсiне карай пальпация беткей және терен паль пация болып екiге бөлiнедi.
Беткей пальпацияны тepiнi, Tepi acты шелдi, лимфалык бездердi, булшыкеттi, сiнiрдi, буынды, суйектi, кеуде сарайын, тыныс мушелерiн, жүрек-тамыр жүйесiн және iшкi куыс мүшелерiн тексеру үшiн колда нады.

Терен сипау негізінен iшкi куыс мүшелерiн тексеру ушiн колданылады.


  1. Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері. Перкуссия.Перкуссияның физикалық негіздері. Перкуссияның тәртібі мен техникасы. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия, олардың жалпы ережелері. Диагностикалық маңызы.


Перкуссияны 1761ж Вена дәрігері Ауэнбурггер ұсынған болатын.Бірақта бұл тәсіл көп уақытқа дейін онша белгілі болмаған.1808жылы Францияның белгілі дәрігері Корвиз Ауэнбурггердің еңбегін неміс тіліне аударғаннан кейін,ол тәсіл медицинадан кеңінен қолданыла бастады.Перкуссия тәсілі соққыдан пайда болатын дене қозғалысы тербеліс толқындарын туғызатынына негізделген. Жалпы әдісткері – пальпация, перкуссия жане аускультация. Перкуссия дегеніміз – тықылдатып көру. Перкуссияның физикалық негіздері –салыстырмалы жәре топографиялық перкуссия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет