Теориялық сұрақтар


Тікелей және жанамалы аускультациялар



бет6/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Теориялық сұрақтар-emirsaba.org

Тікелей және жанамалы аускультациялар.
Әдістемесіне байланысты аускультация тікелей және аспапты аускультация болып екі түрге бөлінеді.
Тікелей аускультацияда дәрігер құлағын ауру денесiне тiкелей такап тындайды. Тазалықты сақтау үшін құлақтың астына орамал төсейді Бұл тәсілдің өзіндік артықшылығы да, кемшілігі де бар.
Артықшылықтары:
1. Аускультациялық дыбыстар өзгеріссіз естіледі.
2. Аспаппен тыңдағанда естілмейтін кейбір дыбыстарды тікелей тыңдағанда естуге болады.
Кемшіліктері:
1. Тазалық сақтау қиындығы.
2. Қолдануға ыңғайсыздығы.
3. Этикаға шәлкестеу келетіні.
4. Кейбір дыбыстардың кейде естілмейтіндігі.
Аспапты аускультацияда әр түрлі инструменттер ( стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоптар ) колданылады.
Аспапты аускультацияның артықшылықтары:
1. Тазалығы.
2. Ыңғайлылығы.
3. Аз мөлшерлі мүшелердің дыбысы жеке бөліп тыңдауға мүмкіндік барлығы.
Кемшіліктері:
1. Дыбыстың аз да болса өзгеретіні.
2. Кейбір дыбыстардың естілмейтіні.
Жалпы медициналық практикада негізінен аспапты аускультация қолданылатын болғандыктан, әрi карай аускультация осы тәсілге байланысты әңгімеленетін болады.
Аускультация ережелері:
1. Аурудың тыңдайтын бөлме тыныш және жылы болуы керек.
2. Аурудың аускультация кезіндегі қалпы перкуссия кезіндегідей болу керек.
3. Дәрігердің қалпы өзіне ыңғайлы болу керек.
4. Дененің үсті аускультация кезінде қосымша дыбыс туғызбауы керек (қаулап өскен түк болса, оны не сабындап сулау керек, не қырып тастау керек).
5. Аускультацияны бір жүйелілікпен жүргізу керек.

Диагностикалық Жалпы несепті зерттеудің негізгі әдістері.
Субъективты тексеру әдісі арқылы нуқастың шағымдары, өмір тарихы, ауру тарихы анықталады.
Шағымдары: бел тұсының ауырсынуы, зәр шығу процессының бұзылуы, ісіктер, АҚҚ көтерілуі, бастың ауыруы, айналуы, дене қызуының көтерілуі.
Объективты тексеру әдістері:
Қарауда науқастың жалпы жағдайын, төсектегі жағдайын бағалау керек; терінің түсі боз болады, көздердің маңында, бетте ісіктер болады, жалпы ісіктер болуы мүмкүн (анасарка), қышығанда тырнақтардың ізі қалады, тілі құрғақ, жағымсыз аммиак йісы шығады;
Диагностика
Зертханалық тексеру:
Жалпы қан анализі
Биохимиялық қан анализі
Зәрді тексеру (жалпы зәр анализі, бактерияларға тексеру, зәрді Нечипоренко және Зимницкий сынамасына тексеру)
Кешенді бүйректің рентгенографиясы
Ультра дыбыспен зерттеу
Урография, хромоцистоскопия
Сканерлеу әдісі
Көздің түбін тексеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет