Теориялық сұрақтар


Тыныс алу жүйесі ауруларында сұрау



бет8/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Тыныс алу жүйесі ауруларында сұрау
Сұрау арқылы тыныс алу жүйесінің ауруларының негізгі шағымдары анықталады: жөтел, ентігу, кеуде торының ауыруы, қақырықтың бөлінуі.
Қосымша шағымдарға жатады: әлсіреу, дене қызуының көтерілуі, тәбеттің төмендеуі, бас ауруы, терлеу және т. б.
Ентігу – тыныс алудың жиіленуі, тереңдігінің төмендеуі. Ентігу ғаз алмасу процессінің бұзылуынан пайда болады. Қандағы көмір қышқыл газының көбеюі тыныс алу орталығын қоздырады, содан ентігу пайда болады.
Ентігудің 3 түрін ажыратамыз:
- Инспираторлы – демді ішке алудың қиындауы.
- Экспираторлы – демді сыртқа шығарудың қиындауы.
- Аралас – демді ішке алудың және сыртқа шығарудың қиындауы.
Кенеттен пайда болатын және тез белгілері дамитын ентігуді тұншығу ұстамасы деп атайды.
Тұншығу ұстамасы тыныс алу жүйесінің және жүрек ауруларында болды.
Жөтел – күрделі рефлекторлы акт. Тыныс алу жүйесінің әр түрлі заттармен, не болмаса қабыну процессымен тітіркенуінен пайда болады. Жөтел үнемі болуы мүмкүн, ұстама түрінде болуы мүмкүн, көбінесе таңертең болуы мүмкүн не болмаса кешкісін болуы мүмкүн, түнгі жөтел туберкулезда болады.
Жөтел құрғақ және ылғалды болады. Құрғақ жөтелде қақырық өте аз, не болмаса мүлдем шықпайды. Құрғақ жөтел жеңілдік әкелмейді.
Ылғалды жөтелде қақырық бөлінеді. Кей ауруларда жөтел тек құрғақ болады, мысалы құрғақ плевритте, ларингитте, бронхтардың лифа түйіндерімен бифуркационды жаншылуында. Ал бронхит, һкпе туберкулезі, абсцесс, өкпенің бронхогенді ісігі секілді ауруларда бастапқы кезеңде құрғақ, кейін ылғалды қақырыққа айналады.
Қақырық іріңді, серозды, қан аралас болады. Қақырықтың мөлшері аз болуы мүмкүн, көп болуы мүмкүн, өте көп болуы мүмкүн (өкпенің іріңді ауруларында).
Түсі мен түрі ауруға байланысты.
Қан түкіру – ол қақырық пен қанның бөлінуі. Қан аралас қақырық болатын ауруларға өкпе туберкулезі, ісік, вирусты пневмония жатады.
Кеуде клеткасының ауыруы көбінесе қабыну процессіне плевра қатысқанда болады. Ауырсыну тыныс алу және жөтел кезінде күшейеді. Ауырсыну үнемі болуы мүмкүн, ұстама түрінде болуы мүмкүн, шаншып ауыруы мүмкүн, қатты ауыруы мүмкүн, ауырсынудың орнын (локализациясын) анықтау керек (кеуде торының оң жағы, сол жағы, жоғарғы бөлігі, төменгі бөлігі және т.б. ).
Анамнез.
Науқасты сұрастыру кезінде, аурудың қалай басталғанын анықтап алу керек: жедел немесе біртіндеп, білінбей; ауруды немен байланыстырады – суық тиумен, жарақатпен, туберкулезбен ауыратын аурумен қарым-қатынаста болуымен; аурудың даму ерекшеліктерін (динамикасын).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет