Теориялық сұрақтар



бет3/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Терісін қарап шығу
Терінің түсі бозарады, гиперемия, цианоз, сарғыштану түстер болуы мүмкін.
Терінің бозаруы – анемия, қатерлі аурулар, беткей орналасуын тамырдың спазмасы және ісік кезінде байқалады.
Гиперемия – лихорадка жағдайында терінің қызаруы, қан құрамында эритроцит пен гемоглабиннің көбеюі, тері тамырларының кеңеюінен пайда болады.
Цианоз – көгеру, гипоксия кезінде болады, ол қан айналымның бұзылуы, өкпенің созылмалы ауру кезінде айқын көрінетін жүрек және тыныс жолдарының жетіспеушілігінен байқалады.
Терінің сарғыштануы – бұл теріде өт пигменті – билирубиннің болуымен туындайды.
Теріде әр-түрлі бөртпелер (розеолдар, крапивица, герпес, петехилер) және жаралар, ісік және операциядан кейінгі қалып қойған орындары болуы мүмкін.
Буынды зерттеу кезінде олардың конфигурациясына сонымен қатар қозғалу кезінде ауру сезімінің пайда болуына, ісіктің және жазық жерде жатқан ұлпалардың гиперенимиясына көзін аудару керек.
Қосымша диагностика әдістері
Қосымша диагностика әдістеріне жатады:
1. зертханалық диагностика әдістері – ҚЖА, зәр анализі, қанның б\х анализі, нәжіс анализі және т.б.
2. аспаптық зерттеу әдістері – рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық диагностика, функциональды диагностка әдістері.
Бұл зерттеу әдісі патологиялық процессті түсіндіруге мүмкіндік береді..
Мейірбике науқасты аспаптық және зертханалық тексеруге дұрыс дайындай білуі қажет.
Ішкі медицина негізін қалаған б.з.д. V ғасырда өмір сүрген ежелгі грек дәрігері Гиппократ болып саналады. Ол науқасқа бар көңілін аударып, жағдайын бақылайды. Ол өкпедегі дыбыстарды, плевралардың үйкелісінен туындайтын шуды тыңдап, бауыр мен көк бауырды сипай отырып, диагностикасын жүргізген.

Медицинаның негізін қалаған ғалым


Ибн Сина 980 жылы дүниеге келген әрі философ, әрі дәрігер, әрі энциклопедист ғалым
Медицинаға зор үлесін қосқандарға Гален мен Авиценнаны жатады. Авиценна емдік нұсқаулардың тізімін жазып қалдырған және олар қазіргі кезде өз маңызын жоғалтпай келеді (өт айдайтын заттар және т.б.).
1758 жылы де Гален термометрияны, ал 1761 жылы Ауэнбруггер перкуссияны, ал 1819ж. Лаэннек аускультацияны стетоскоппен жүргізуді енгізген.
М.Я. Мудров, Г.А. Захарьин, А.А. Остроумов диагностиканың дамуына зор үлес қосқандар. В.П.Образцов құрсақ қуысындағы мүшелерді пальпациялау әдісін енгізген.
Ішкі ауруларды емдеу және диагностикасының дамуына зор үлесін орыс клиницистері қосқан. Оларға: М.Я.Мудров (1876-1831) – орыс тіліндегі терапевтикалық мектептің негізін қалаған. Ол науқасты зерттеудің схемасын жасады және практикаға ауру тарихын енгізді.
Г.А.Захарьин (1829-1897) Мәскеу университетінің профессоры болған. Ол науқастарға субъективты тексеру әдісін қолданған. Өте күшті диагноз қоюшы дәрігер болған.
С.П.Боткин (1832-1889) Петербургтегі әскери медициналық Академиясының клиникасын басқарған. Катаральді сары аурудың инфекциялық табиғатын алғаш болып ашқан.
В.П.Образцов (1849-1920) Киевтегі университеттің профессоры. Ол құрсақ қуысындағы мүшелерді сипай отыра, пальпациялау әдісін тауып енгізген
  1. Симптом, синдром, диагноз, диагностика туралы түсінік.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет