Тәрбие сағаты Тақырып: Құқықтық сауаттылық – заман талабы



бет10/13
Дата13.05.2023
өлшемі66 Kb.
#92750
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
тарбие сагат

Тәрбие сағаты


Тақырып: «Дені саудың, жаны сау».
Топ жетекшісі: Баялы А.А.
Топ:ТҰ-Н 21-2

Тараз 2022ж



Тақырыбы: Дені саудың, жаны сау.
Мақсаты:

Білімділік: Студенттердің денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі манызын түсіндіру;
Дамытушылық: Денсаулығын күту, іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер.
Меңгерілетін сөздер: Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі. Дені саудың, жаны сау. Денсаулық – зор байлық.


Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті

  • Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді өту үшін көңіл-күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық.

  • Балалар, кезекпен барлық адамзатқа жақсы денсаулыққа арналған тілектер айтайықшы:

Мысалы: Денсаулық - адамның басты байлығы, сондықтан денсаулықты сақтай білейік. Күлкі - адам өмірін ұзартады, ешқашан жүзімізден күлкі кетпесін. Көңіл - күйіміз әрқашан көтеріңкі болсын.

  • Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.

Әңгімелесу.
-«Таза жүру өмірде» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адамның денсаулығын сақтауға кім жауапты? Неге?
-Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?
-Салауатты өмір сүруге не кедергі болады?
-Өз бойыңдағы жағымсыз әдеттерден арылу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Жаңа ақпарат.



  • Дені сау, жан-жақты дамыған жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам тән сұлулығын жан сұлулығымен үйлестіргенде ғана өмірлік мақсатына жете алады. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет.

1-нұсқа
Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
1.Қоршаған орта ластығы. (күн,ауа,су,топырақ , т.б,)
2.Дұрыс тамақтанбау.
3.Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
4.Зиянды заттарды қабылдау.
5.Тазалықты сақтамау.
6.Отбасындағы кері жағдайлар.
7.Адамда стресс жағдайларының жиі болуы
2-нұсқа
Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторлар.
1.Дұрыс тамақтану.
2.Қоршаған орта тазалығы. (күн,ауа,су,топырақ, т.б.)
3.Дене шынықтыру.
4.Зиянды заттарды қабылдамау.
5.Жеке бастың тазалығын сақтау.
6.Қоршаған ортаға, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
7.Эмоциялардың оң болуы.Үйдегі дене еңбегінің дұрыстығы.
Ойын – жаттығу: « Пайдалы – зиянды »
Қазір бірнеше жағдаят айтамын, денсаулыққа пайдалы болса, апалақтаймыз, зиянды болса, аяғымызды жерге ұрып, бойға алмайтындығымызды көрсетеміз.

жасамау, пайдалы әрекеттер жасау.

Оқушыларға денсаулықтың он құпиясына көңіл аударуылары сұралады:


Денсаулықтың он құпиясы (Адам Дж.Джексон).
Денсаулықтың бірінші құпиясы –денсаулықпен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымызда жатыр.
Денсаулықтың екінші құпиясы –біздің тыныс алуымызда болып табылады.
Денсаулықтың үшінші құпиясы –шынығу әрекеттері күш әкеледі.
Денсаулықтың төртінші құпиясы –дұрыс тамақтану күші.
Денсаулықтың бесінші құпиясы –күлкі. Күлкі –бұл мәңгілік емші.
Денсаулықтың алтыншы құпиясы –демалу күші.
Денсаулықтың жетінші құпиясы –тұлғаны түзу ұстай білу күші.
Денсаулықтың сегізінші құпиясы –таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.
Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы –сенім күші.
Денсаулықтың оныншы құпиясы –сүйіспеншілік күші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет