ПЕДАГОГИКА, ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
(Егемен Қазақстан газетінде жарияланған)
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар
1. Көру (визуальды), есту (аудиалды) құралдары арқылы оқушылардың сезім мүшелеріне əсер ететін оқыту принципі
A) мақсаттылық
B) жүйелілік
C) көрнекілік
D) түсініктілік
E) белсенділік
2. Мектеп жағдайында пайдаланып, арнайы құралдармен жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығымен оқушылардың табиғи құбылыстарды, заттарды зерттеуді қамтитын оқыту əдісі
A) кітаппен жұмыс
B) бақылау
C) баяндама
D) лабораториялық жұмыс
E) жаттығу
3. Зерттеушілік əңгіме жүргізу кезіндегі оқушылар əрекетін көрсетіңіз
A) мұғалімнің пікірін құптайды
B) идеялары бағалана бермейді
C) пікірлерінде алшақтық сақталады
D) əрқайсысы өз шешімдерінде қалады
Достарыңызбен бөлісу: |