Қоршаған ортамен танысу,көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту
|
Атым – қазақ, текті батыр ұланбыз,
Қадірлейміз қазағымның мұрасын.
Әдептілік – сұлулық пен теңдессіз,
Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын. Көркем әдебиет
Кел танысайық ойыны
Кез- келген тұрмыстық заттардың (асхана аспаптары, музыкалық аспаптар немесе киімдер) нобайын орындап, таныстыру.Қоршаған ортамен танысу
Топтастыр ойыы
Біреу және көп заттарды ажырату, заттардың кеңістікте орналасу ретін анықтау.Математика негіздері
Анимациялық ойын ұлттық ыдыстар
Ұлттық ыдыстарды көлеңкесімен сәйкестендіру атын атау.Сөйлеуді дамыту
Нүктелі сурет салу әдісімен кесенің суретін салу.Дәстүрден тыс сурет салу
Ұлттық ойын қалауыңыз бойынша.Дене шынықтыру
|
Балалар, (суретке назар аударып) ал осы салт - дәстүрді кім біледі? Біз бүгін жаңа салт - дәстүрмен танысамыз.
Тосын сәт: Қонаққа әже келеді.
Әже: — Сәлеметсіңдер ме балақандарым.
Тәрбиеші: — Балаларым ,келіңдер мына бесіктің жанына отырыңдар. Мынау бесік деп аталады. Бесікті таза ағаштан жасайды. Мен сендерге Асылжан бөпені бесікке қалай бөлеу керек екенін Әжеміз көрсетсің .Сендер мұқият қарап отырыңдар. Бәрің де осы бесікте жатып,өскенсіңдер.
Әже: Ең алдымен бесіктегі баланың бас жағына жұмсақ жүннен жасалған жастық саламыз. Ал мынау бөпенің үстіне жамылатын көрпесі. Мынау белбеуі,бала құлап қалмас үшін белінен және аяқ тұсынан осы белбеумен байлап қояды.
Бесікті бала ұйықтағанда шошып-қорықпау үшін сіріңкемен аластаймын. (бесікті аластайды)
«Алас-алас,пәледен алас,
Иесі келеді,пәледен қаш!
Алас-алас,пәледен алас
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Отсыз омыртқасынан алас»
-Балалар ,қараңдаршы бесіктің де,төсеніштің де ортасы ойылып алып тасталған екен. Себебі сол жерде түбегі тұрады.
Ал мынау шүмегі,осы шүмек арқылы баланың кіші дәреті түбекке құйылып, баланың денесі былғанбай таза болады.Қоршаған ортамен танысу,көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту
|
- Бүгін зерек болып, алғырлық танытқан балаларға мына оюлар сыйға беріліп отырады. Алдын ала педагог дайындаған «Ботагөз», «Қошқармүйіз», «Құс қанаты», «Қызғалдақ» оюлары сұраққа жауап берген әр балаға беріліп, сабақ соңында кімде қанша ою бар екені анықталып, сол арқылы «ең зерек бала» аталынып, марапатталатынын айтады.
Мына суретке қараңдаршы, не көріп отырсыңдар?
— Бұл суретте Наурыз тойын тойлап жатыр. Наурыз – жыл басы, бұл күні күн мен түн теңеледі, мерекеде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барып, ер адамдар төс қағыстырып, палуандар күресіп, жастар алтыбаққан тебеді, наурыз көже пісіреді, қарт аталар баталарын береді, өлең айтып, би билеп тойлайды. Наурыз мерекесінде дастарханымыз ұлттық тағамдарға толады. Әжелеріміз жеті түрлі дәм салып наурыз көже пісіреді.Қоршаған ортамен танысу
Ойын: «Ханталапай»
Тәрбиеші:Мен сендерге ойынның шартын түсіндіремін. Мына үлкен асық бұл ерекше асық (сақа). Бұл хан болады. Ал кішкентай асықтар уәзірлер. Мына асықтарды ортаға шашамын. Сол асықтармен бірге ханды алған бала жеңімпаз болады.Асықтың кеңістікте орналасуын анықтайды.Математика негіздері
Бүгінгі ел ішінде ,
Дәстүрді жалғастырған.
Ей, менің асқар туым,
Қазақы дастарханым.
Көркем әдебиет
|
|
|