Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы Наурыз айы 023 жыл апта



бет7/18
Дата18.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#75419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
март 3 жас

Автобус
Мақсаты: Қатарға тұруды қалыптастырып, баяу және жылдам жүруді дамыту
Ойын барысы: Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісі. Қалғандары жолаушылар. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.












Салт-дәстүр дегеніміз-белгілі бір рәсім,әртүрлі жағдайларға арналған ұлттық мағынадағы елеулі кезеңдер.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Суреттерге назар аудару.
-Мына суретте жаңадан туған нәрестені бісікке бөлеп жатыр.Бұл-қазақ халқының ежелден келе жатқан «бесікке бөлеу» дәстүрі.Суреттен тағы нені байқауға болады?
Анасы кішкентай баланы бесікке бөлеп,ұйықтату үшін «бесік жырын» айтады.Сендердің аналарың ұйықтатар алдында қандай бесік жырын айтады?
Ежелгі салт-дәстүр бойынша қазақ халқы жаңа жылды наурыздың 22 күні қарсы алған екен. Бұл күнді «Наурыз мерекесі» деп атайды. Наурыз мерекесіне ел-жұрт ерекше дайындық жасайды.
Осымен қатар, мерекеде әжелеріміз салт-дәстүрлерді жасап, түсіндіреді. Қазақтың салт-дәстүрлеріне мыналар жатады: шілдехана, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, тіл ашар және т.б. оларға жеке тоқталу үшін суреттерге назар аударыңдар!
«Бесікке бөлеу»ойыны
Педагог алдын ала дайындаған қуыршақты,бесікті алып шығады.Бір қызды қасына шақырады.Бесік жырын айтады:
-Менің балам қайда екен?
Асқар-асқар тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.

Алмасынан,кәнеки,


Жаңа теріп жүр екен.
Қызыл алма қолында,
Қыздар оның соңында.

-«Бесікке бөлеу»-кішкентай бала үшін өте маңызды.Баланың сымбатты,денесі түзу болып өсуі үшін ата-бабаларымыз баланы бесікке бөлеген.


-Келесі суретте не бейнеленген?
Бесікте жатқан бала өсті,тәй-тәйләп жүре бастады.Енді көп құламай тез жүріп кетсін деп,ол баланың тұсауын кеседі.
Адал,шыншыл бала болсын деп,тұсауын «ала жіппен» кеседі.Қазақ халқында «Біреудің ала жібін аттама» деген мәтел бар.Оның мағынасы-ешқашан өтірік айтпай,ұрлық жасамай,үлгілі,өнегелі азамат болып өссін дегенді білдіреді.
-Жаңағы кішентай бала өсіп,5-6 жасқа келді.Үлкендер оған жеке тай атап,ашамай (тайға арналған кішкентай ер-тоқым) істеп,қамшы өріп, «Сен азамат болдың» деген сезім ұялатып,үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп,жүргізеді.Осы қуанышта атасы:
Ал ақ тілек,ақ тілек
Атқа тоқым сал білек.
Атта жақсы шаба біл,
Өнеге,өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл.
Атқа міндің,ақ жол болсын!-деп бата береді. Қоршаған ортамен танысу,көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту

-Бір тамаша әңгіме тыңдағыларын келеді ме?
Қуыршақ театры арқылы көрсету.
Бұрынғы өткен заманда бір жас жігіт өз бақытын табу үшін әлемді шарлап іздеуге шығады. Айлар,жылдар өз бақытын іздейді көптеген елдерді, қалалардан өтеді,өз бақытын еш жерден таба алмайды. Бір күндері еліне қайтпақшы болады, бірақ қайтып баратын жолды ұмытып қалады. Тастың үстіне отырып, басын төмен түсіріп жылап отырады. Бір сәтте жаңына бір қария кісі келеді.
-Неге жылап отырсың? Қайда тұрасың?
-Білмеймін өте алыста тұрамын.
-Елін қалай аталады?
-Білмеймін,
-Мен саған көмектесе аламын, егер сен өз елінің халық әнін, салт-дәстүрін айтып берсен?
-Жігіт абыржып қалады, өз елі туралы ештене есіне түсіре алмайды,ойланып атаға өз сөмкесін ұсынады.
-Міне қараңыз бұл заттарды мен өзімен үнемі жол бойы алып жүрдім.-Балалар қараңдаршы, әдемі қоржыңда қай елдің заттары бар екен.
Бұл не?
-Қоржың
-Қоржын өрнек
-Торсық
-Тостаған
-Қасық
- Кесе т.б
-Балалар қай елдің заттары екен? Біз барлығымыз жігітке Өз Отаның, салт-дәстүрін еске түсіруіне көмектесейік.
Дидактикалық ойын: «Заттарды дұрыс орналастыр»
Балалар екі топқа бөлінеді.
1-топ – «40 - шығару» салт - дәстүріне қажетті заттарды алады, суреттің қасына қояды.
2- топ –«Тұсау кесу».
Тәрбиеші: - «Тұсау кесу» дәстүрін өткізу үшін қандай заттар керек?
Балалар: - қайшы, түсті жіптер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет