Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы педагогтің аты-жөні



бет4/16
Дата18.04.2023
өлшемі42,53 Kb.
#83831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Таңертенгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары "Қара жорға"
1. Бастапқы қалып: аяқ арасы сәл алшақ, қол белде.
1 - иықты алға қозғау; 2 - бастапқы қалыпқа келу; 3 - иықты артқа қозғау; 4 - бастапқы қалыпқа келу (6 рет қайталау)
2. Бастапқы қалып: аяқ арасы сәл алшақ, қол төменде.
1- оң аяқты алға созып, оңға қарай иіліп, қолды бүге, саусақтарды қозғау; 2 - бастапқы қалыпқа келу;
3 - сол аяқты алға созып, солға қарай иіліп, қолды бүге, саусақтарды қозғау; 4 - бастапқы қалыпқа келу (6 рет қайталау).
3. Бастапқы қалып: аяқ арасы сәл алшақ, қол төменде.
1 - сол аяқты алға созып, оң қолды жоғары көтере, сол қолды алға соза, сол қолды, оң қолға тигізу; 2 - бастапқы қалыпқа келу;
3 - оң аяқты алға созып, оң қолды жоғары көтере, сол қолды алға соза, сол қолды, оң қолға тигізу; 4 - бастапқы қалыпқа келу (6 рет қайталау).
4. Бастапқы қалып: аяқ арасы сәл алшақ, қол белде.
1- екі аяқты бірге ұстап, қолды 2 жаққа соза, иықты қозғау; 2 - бастапқы қалыпқа келу (6 рет қайталау).
5. Бастапқы қалып: аяқ арасы сәл алшақ, қол төменде.
1 - аяқты айқастыра тұрып, қолды белге ұстап, иықты алға, артқа қозғау; 2 - бастапқы қалыпқа келу (6 рет қайталау).
6. Бастапқы қалып: аяқ арасы сәл алшақ, қол белде.
1 - екі аяқты кезек көтеріп, қолды белге ұстап, орнында шоқырақтау; 2 - бастапқы қалыпқа келу (6 рет қайталау).
(дене шынықтыру)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.
Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тістерін мұқият тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл сүлгімен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.
Көркем сөз
Нәйім-нәйім, бауырсақ,
Қойға қарай жүгірсек,
Қой ішінде көк ісек,
Жақсы бала малсақ,
Жаман бала үй күшік.
Нәйім-нәйім бауырсақ,
Бауырсақты қуырсақ.
Жақсы бала малсақ,
Жаман бала ауылсақ. (І.Жансүгіров)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет