Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы педагогтің аты-жөні


(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)



бет14/16
Дата18.04.2023
өлшемі42,53 Kb.
#83831
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)


Сюжетті-рөлдік ойын. "Аурухана".
Мақсат-міндеттер. Балалардың түсінігіндегі медициналық мамандықтар (бала дәрігері, тіс дәрігері, ЛОР-дәрігер, хирург, мейірбике) жөнінде ұғымдарды нығайту; медициналық қызметкерлердің ауруханада атқаратын рөлі неде екендігін анықтау; еңбекқорлыққа, сыпайылыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Құралдар.
Медицина мамандарына қажет заттар мен құралдар; ақ халаттар, перчаткалар; ауруханаға қажет жиһаз, сөмкелер; кейіпкер ойыншықтар.
Балалар қуыршақтар мен кейіпкер ойыншықтарды ауруханаға қаратып немесе өздеріне қаралатын жағдайлар жайында өзара келісіп шешеді.
Шарты.
Педагог дайындық жұмысында балалармен медицина мамандары жайында әңгімелесуі керек. Балалар дәрігерлердің адамның қандай дене мүшелерін емдейтіні туралы ғана емес, қандай құралдарды қолданатыны, қандай сұрақтарды қоятынын талқылап алуы керек.
Балалар өздеріне ұнайтын дәрігерлердің рөлдерін бөлісіп алады, олардың киетін киімдерін және қолданатын құралдарды алып, орындарына барады.
Педагог диалогтарда әдептілік ережелерінің сақталуын, ойыншылар арасында сөйлеу тізбектерін реттейді, тиянақтау сұрақтарын қояды.
Соңында педагог балалармен бірге қорытынды жасай алады: адамның денсаулығына ауа райы, жыл мезгілі, тамақтануы, күнделікті жасайтын әрекеттері әсер ететінін анықтайды.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті)

Дидактикалық ойын. "Не жасырынғанын айт".
Мақсат-міндеттері. Балалардың ойлау, елестету, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту; заттардың қасиеттерін зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Шарты.
Алғашында жүргізушінің рөлін педагог, содан соң балалар кезекпен атқарады.
Жүргізуші балаларға жасырынған затты (ойыншықты, құбылысты, жануарды, құсты, өсімдікті) сөзбен сипаттайды, бірақ оны атамайды. Ойыншы балалар жауабын табуға тырысады.
Ойынның басында педагог балалар үшін заттың сипаттамасын қарапайым жән нақтылы беріп жатады, содан соң тапсырмалар күрделене бастайды. Мысалы,"Бұл өсімдік, қылқан жапырақты ағаштарға жатады, пішіні үшбұрышқа келеді"; "Бұл жиһаз, ол пластиктен де, ағаштан да жасалады, адамның демалуына жағымды ықпалы бар".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет