Мақсаты: еңбек әрекеттерін орындауға үйрету.
Қимылды ойын: «Ұшу, секіру, жүзу» Мақсаты: жүгіру кезінде балаларды жаттықтыру; балықтардың, құстардың, жануарлардың іс-әрекетін бекіту.
(дене шынықтыру – дене қозғалысы)
Жеке жұмыс «Кеглиді құлат» Мақсаты: допты нысанаға лақтыруды үйрету; дәлдікті, зейінді дамыту.
Серуеннен оралу
Балалардың реттілікпен шешінуі, жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет - дербес ойын әрекеті).
Түскі ас
Гигиеналық шаралар:Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану:
«Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу»
Кезекшілердің жұмысы: ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану, сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Ереже:
Тамақ ішер кезде енді,
Сөйлемейміз күлмейміз.
Астан басқа өзгені,
Елемейміз, білмейміз. (сөйлеуді дамыту-қарым-қатынас іс-әрекеті) Ас ішіп болғаннан соң бата айтуға қалыптастыру.
Асқа байлық,
Денге саулық болсын, Әумин! Рақмет апайлар! (мәдени дағдылар)
Күндізгі ұйқы
Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру. Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).