Математика негіздері
Тақырыбы: Дөңгелек және сопақша
Мақсаты : сопақша геометриялық фигура туралы ұғым қалыптастыру
Топпен жұмыс Педагог балаларға фигуралар жиынтығын – шеңберлерді, сопақшаларды, шаршыларды, тіктөртбұрыштарды таратады және өздерінің «моншақтарын» немесе өрнектерін жасауды ұсынады. Содан кейін, педагог өлшемі жақын шеңбер мен шаршыны, сопақша мен тіктөртбұрышты салыстыруды ұсынады. Балалар топпен жұмыс жасайды, фигуралардан өрнектер жасайды.
|
Математика негіздері
Тақырыбы Шар, текше, цилиндр
Мақсаты: геометриялық денелердің: текше, шар, цилиндр ерекше қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру
Ойын жаттығуы: «Пішіндер неге ұқсайды?» Суреттен шар, текше, цилиндрге ұқсас бейнеленген заттарды қарауға ұсынады. - Шар неге ұқсайды? (қарбыз, доп, глобус) - Цилиндр неге ұқсайды? (кружка, стақанға) -Текше неге ұқсайды? (текшелер, сыйлық қорапшасына). Кеңістіктік ұғымдарды дамытуға арналған ойын: «Фигураны атап көрсет» үш сөреге ойыншықтар қойылады, педагог сөренің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан пішін бейнеленген карточканы көтеруді сұрайды. Екінші сөренің ортасында. Төменгі сөренің сол жағында және т.б. Балалар карточканы көтергеннен кейін пішіннің қалай аталатынын дауыстап айтуы қаже
|
Математика негіздері
Тақырыбы Шар, текше, цилиндр
Мақсаты геометриялық денелердің: текше, шар, цилиндр ерекше қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру
«Пішінді табыңдар» дидактикалық ойыны. Дорбада (мөлдір емес) әртүрлі геометриялық пішіндегі заттар бар. Тапсырманы күрделендіру үшін жүргізуші дорбадан нақты пішінді табуға тапсырма береді. Бұл ретте бала қажетті пішінді тапқанға дейін бірнеше пішінді кезек-кезек ұстап көреді. Балалардың әрқайсысында «Сиқырлы» дорбаның болуы орынды. Пішіндерді өзара салыстырып: «Шардың қабырғалары бар ма? Шар, текше домалайды ма?» – деген сұрақтарға жауап береді. Ойын ойнайды. Бала пішіндерді қолымен ұстап, сипалап, атауын атайды. Пішіндерді өзара салыстырады. Оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстырады. Заттардың неге ұқсайтыны туралы қорытынды жасайды. Қызығушылық танытады, педагогті мұқият тыңдайды, ойын ережелерін орындайды
|