Ойын: «Сылдырмақпен сылдырлат » Мақсаты: балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.
Ойынның шарты: 5-6 балалар аланның бір жағында сызықтың ар жағында тұрады. Қарама-қарсы жақта орындықтарда бір бірінен арақашықтығы бірдей болып сылдырмақтар /бал-ң санына сай/ жатады. «1-2-3, жүгіріңдер»- деген белгі бойынша балалар сылдырмақтарға қарай жүгіреді, жоғарыға көтереді де сылдырлатады. Бірінші жетіп, сылдырлатқан бала жеңіске жетеді. Сол балалар орындарына барады, басқа ойнаушылар қатысады.
Ұсыныс: Ойынды қиындатуға болады: кедергілерден секіртіп /жіптен, текшелерден, шеңберден өту, т.б./
3 - ұйымдастырылған іс-әрекет
Қазақ тілі Тақырыбы Ойнайықтаойлайық
Мақсаты өткен тақырыптар бойынша сөздерді қайталау, білімдерін бекіту