Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет39/48
Дата28.11.2023
өлшемі3,35 Mb.
#130886
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
цикло қазан 22-23 ж

Қоршаған орта
Тақырыбы Жыл құстары
Мақсаты Қыста жылы жаққа ұшып кететін жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың атын атап, бір-бірінен айыра білуге үйрету; құстардың пайдасы туралы түсініктерін нығайту


«Үшіншісі артық» атты дидактикалық ойынын ұйымдастырады.
Мақсаттары: балалардың құстардың алуан түрлілігі туралы білімдерін бекіту. Педагог құстардың аттарын араластырып, шатастырып айтады. Қатені байқаған бала қол шапалақтауы тиіс (торғай, қарға, шыбын, суықторғай және т.б.).
Өзекті мəселе: Құстар бізге қандай пайда әкеледі? Талқылайды. «Зиянкес жәндіктер мен кеміргіштерді жояды» деген қорытынды жасайды. Сонымен қатар өсімдіктердің тұқымдарын таратып, олардың көбеюіне көмектеседі




Үзіліс: Жүгіруге арналған ойындар «Сылдырмақпен сылдырлат»     




Дәстүрлі емес технологиясын пайдалана отырып жасалған балаға арналған саусақ ойындары
«Жасыру» саусақ ойыны.
Ойын шарты: Қатысушылар алақанға қысқа қарындашты салады, жұдырықты жұмады және ашады.
Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.
Ал енді, келесі қолға жасырамыз.
Қарандашты қыса отырып,
Алақанды ауыстырамыз.
Бұл ойында баланың қол икемділігі, танымдық деңгейі артады.
«Салат» саусақ ойыны.
Сәбізді алып тазалаймыз, (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз, (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз, (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)
Дәруменге байыған. (алақанымен іштерін сипалап,
тойғандықтарын көрсетеді)









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет