Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу



бет42/48
Дата28.11.2023
өлшемі3,35 Mb.
#130886
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Байланысты:
цикло қазан 22-23 ж

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.
Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.
А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.
Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.
В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.
Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.







Ойын: «Көжектер»
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Балаларды салауатты салтына тәрбиелеу.
Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала “түлкі” болады. Қалғандары көжектер секіріп билеп жүреді. Түлкі сыбдырды естіп көжектерді қуады. Қаша алмай қалған көжектерді түлкі ұстап алады, ойын осылай қайталана береді.





4 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Дене шынықтыру
Тақырыбы «Біздің стадион»
Мақсаты: Әртүрлі жүру түрлерімен жүруге үйретуді жалғастыру (аяқты айқастырып
жүру, отырып және жартылай отырып жүру, артпен жүру – 4 метр), қолдарының үйлесімді ырғақпен қозғалу шеберліктерін (машықтарын) дамыту


Аяқты уқалау
(Б.қ. – малдас құрып отыру).
Мақсаты: аяқтағы белсенді биологиялық нүктелерді уқалау. Аяқтың энергетикалық каналдарын тазалау.
Сол аяқтың табанын алдына тартып, башпайларды уқалайды, башпай араларын сипалайды, башпайлардың арасын ашады. Өкшені қатты қысады, табанды сипалайды, шымшиды. Табандарын айналдырады, табанды алақандарымен шапалақтайды. Осылайша оң табанды уқалайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет