Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Балалардың дербес әрекеті



бет2/19
Дата15.12.2023
өлшемі31,43 Kb.
#139552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Балалардың дербес әрекеті
(аз қимылды, үстел үсті
ойындары,
бейнелеу іс-әрекеті,
кітаптарды қарау және
басқалар)

"Кітап бұрышындағы еңбек".
(кітаптарды қалпына келтіру).
Мақсат-міндеттері. Балаларға жөндеуді қажет ететін кітаптарды таңдауды, оларды мұқият желімдеуді үйрету (желім мен қайшыны дұрыс пайдалану, майлықтарды пайдалану). Кітаптарға ұқыпты қарауды, адал еңбектенуге және тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

"Ойыншықтарды тәртіпте ұстау".
Мақсат-міндеттері. Жұмыс басталар алдында балаларға жұмыс алжапқышын киюді үйрету; ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою. Еңбекқорлықты, тәртіпсіздікті көре білуді дамыту; сумен жұмыс кезінде ұқыптылықты дамыту. Өз еңбегі мен басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

"Біз топ бөлмесінде және жатын бөлмеде терезе алдындағы тақтайды дымқыл шүберекпен сүртеміз".
Мақсат-міндеттері. Балаларды сумен жұмыс кезінде келесі ережелерді сақтауды үйрету, жеңді түру, шүберекті сулау және құрғатып сығу, кірлегенде сумен жуып-шаю.

"Күтушіге төсек салуға көмектесу".
Мақсат-міндеттері. Балаларды өз төсек-орындарын ажыратуды үйрету; үлкендерге қолдарынан клген көмектерін жасауға тәрбиелеу; жұмысқа ұмтылысты, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

"Ойыннан кейін топта тәртіп орнату".
Мақсат-міндеттері. Балалардың тәртіпке деген саналы ұмтылысын, ойыннан кейін ойыншықтарды жинастыру әдетін қалыптастыру. Жұмыс жоспарын құру, алдағы жұмыс үшін қажетті материалдарды таңдау қабілетін жетілдіру.

ҚР. Гимнін орындайды.
Міндеттер. Балаларды патриоттық тәрбиені қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет