Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
|
Көлік түрлерімен таныстыру.
Мақсат-міндеттері. Көлік түрлерінің таңбалауыштарын таңдатып, сол бойынша 4 топқа бөліп, әр топпен ұйымдастырылған іс-әрекетін ұйымдастыру. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
|
Жерде жүретін көлік туралы әңгімелесу. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
|
Суда жүзетін көлік түрлері туралы әңгімелесу. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
|
Әуеде ұшатын көлік түрлері тақырыбында әңгімелесу. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
|
Мектепке дейінгі ұйым
кестесі бойынша
ұйымдастырылған
іс-әрекет
|
Дене шынықтыру
"Пингвин сияқты секіру".
Мақсат-міндеттері. Құм салынған қапты басына қойып, текшелерден аттап өту және құм салынған қапты екі аяқтың арасына қысып, пингвин сияқты екі аяқпен бірге секіру дағдысын үйрету.
|
Қазақ тілі
"Көліктер. Қала мен ауыл. Көп - аз".
Мақсат-міндеттері. Балалардың көлік түрлері, олардың ерекшеліктері мен қозғалыс ортасы туралы білімдерін кеңейту; "қала", "ауыл", сондай-ақ, "аз" және "көп" мөлшер ұғымдарын, "жылдам - баяу" сын сипат белгілерін, қарт адамдарға деген құрмет пен қамқорлық туралы түсініктерін дамыту.
Музыка
"Күз желі".
Балалардың әуенге деген ықыласын арттыра отырып, әнді тыңдауда сөздік мазмұнын түсіне білу қабілетін қалыптастыру; музыкалық жетекшіге ілесе ән айту қабілетін дамыту; оқу қызметін пысықтау.
|
Дене шынықтыру
"Сан түрлі секіре аламыз".
Мақсат-міндеттері. Балаларға шапшаң және баяу қарқынмен жүгіру; гимнастикалық қабырғаның бір аралығынан екінші аралығына өрмелеуді үйрету.
|
Музыка
"Ойыншықтар".
Мақсат-міндеттері. Балалардың ойыншықтар туралы әнге ықыласын ояту; музыка әуенімен бірге би қимылдарын үйлесімді орындауды пысықтау.
|
Дене шынықтыру
"Ойын шартын ұстанайық".
Мақсат-міндеттері. Балаларды қолдарын көтергендегі биіктіктен жоғары ілінген нәрсеге орнынан секіру арқылы затты жанап өтуге үйрету.
|