Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет6/19
Дата15.12.2023
өлшемі31,43 Kb.
#139552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
7LocrgKVoj1yxbteGrYMNp1ETKEwR2xCz0VDGMQo

Серуенге дайындық

Балаларды өз киімдерін тануды, атауды, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Көліктерді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Балаларға балабақша маңайында жүрген көлік үлгілерін бақылауды, барлығына ортақ бөлшектер мен белгілерді (салон, дөңгелектер, рөл, мотор, жүргізуші) атап айтуға ынталандыру; түсін, айырмашылықтарын табуға машықтандыру.
"Қандай көлік қайда жүреді?" дамытушы жаттығуы. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
Мақсат-міндеттері. Балалардың көліктер туралы ұғымдарын пысықтау, қызығушылығын арттыру; зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құралдары: жүк мәшинесі, кеме, пойыз, велосипед, автобус, ұшақ, жеңіл мәшине және тағы басқа.
Балаларға суреттер көрсетіледі:
- Балалар, көрсетілген суретке қарап, көліктердің қайда жүретінін қимылмен білдірейік. Жерде жүрсе - аяқтарымызды топылдатамыз, суда жүзсе - қолымызбен суда жүзгендей қимылдар жасаймыз, аспанда ұшса - қолдарымызды қанат сияқты сермейміз.
Ойынды, екі топқа бөлініп ойнауға болады.
Еңбек әрекеті: алаңды тастардан тазалау. (құрастыру, дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Тазалыққа, ұқыптылыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге дағдыландыру.
тастарды арнайы жерге немесе ыдысқа жиналады. Кейін тастарды бояп, қызықты құрылымдарды жасауға болады.
"Тым-тырақай" ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартына сай ойнай білуге баулу; шапшаңдыққа, зеректікке, кеңістікті бағдарлау, жылдам жүгіре білу қабілеттерін дамыту.
Балалар шеңбер құрайды.
Бір немесе бірнеше бала шеңбер ортасында белгі санамақ сөздерден кейін ұстап алушылардың рөлін ойнайтын болады.
Ал, кәнеки, балалар,
Бір, екі, үш - деп, санаңдар!
Бір, екі, үш! Ал тараңдар!
Бұл сөздерден кейін балалар жан-жаққа бытырай қашады. Оларды ортада тұрған бала ұстап алу керек.
Екі, үш бала ұсталған соң, тәрбиеші "бір, екі, үш" - деп санағанша, балалар жылдам шеңбер құрып тұрады.
Ойын қайта басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет