Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(музыка) Үстел үсті ойындары. "Көліктерді топтастыр"



бет3/19
Дата15.12.2023
өлшемі31,43 Kb.
#139552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
7LocrgKVoj1yxbteGrYMNp1ETKEwR2xCz0VDGMQo

(музыка)


Үстел үсті ойындары. "Көліктерді топтастыр".
Мақсат-міндеттері. Көліктерді бір-бірінен ажыратып, атауларын атай білуді үйрету;
Керекті құралдар: көліктер.
(танымдық дағдылар, сөйлеуді дамыту)

Дидактикалық ойын. «Домино».
Мақсат-міндеттері. Баланың көліктер жайлы білімдерін дамыту және пысықтау. Сәйкес көлікті табу және дұрыс атау, оның атқаратын қызметімен таныстыру.
Ойын шарты: суреттері сәйкес келетін карточкаларды бір қатарға тізіп қою, кім карточкаларын бәрінен бұрын жиып қояса, сол бала жеңіп шығады.
Қажетті құралдар: бірдей қос суреттер, әртүрлі көліктер бейнеленген көлемдері 5×6см карточкалар.
(танымдық дағдылар)


Сурет салудан ойын-жаттығу
"Жүк мәшинесі".
Мақсат-міндеттері. Балалардың қылқалам арқылы тіктөртбұрыш, дөңгелек сияқты геометриялық пішіндерді салып, ішін бояу техникасына үйрету.

Дидактикалық ойын. "Көңілді қыстырғыштар".
Мақсат-міндеттері. Қыстырғыштар арқылы саусақ моторикасын дамыту, шығармашылық қабілетін дамыту. Ұсынылған бірнеше фигуралардың ішінен дұрыс таңдау. Балалардың сөздігін кеңейтуге және белсендіруге, сондай-ақ есте сақтау мен ойлауды дамытуға ықпал ету.
(шығармашылық дағдылар, сөйлеуді дамыту)


«Дөңгелек, үшбұрыш, шаршыға ұқсайтын заттарды тап» дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Пішіндерді қайталау, түстерді қабылдауын және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
(математика негіздері, сөйлеуді дамыту)

Дидактикалық ойын. «Көліктер».
Мақсат-міндеттері. Көлік түрлерін ажыратуды үйрету.
(сөйлеуді дамыту)


"Қара да, қайтала" ойын жаттығуы.
Мақсат-міндеттері. Көру арқылы қабылдауын, қиялдарын дамыту, кеңістіктегі, жазықтықтағы геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту.
Құралдары: геометриялық пішіндер жинақтамалары, шаршы пішінді парақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет