Еңбек: бір-біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету. (еңбек дағдылары) Жеке жұмыс: тәжірибе жасау: мұз бу су (заттың бір түрден басқа түрге айналуы).
Жорамал.
Ағашқа қырау түссе, аяз болады.
Тұман болса, күн жылынады.
Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды.
Жұмбақ.
Қанат сияқты ақ,
Ұлпа боп жерде жатады.
Қимылды ойын "Ақсерек - көксерек" (дене шынықтыру) Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
1-ші топ.
Ойынды бастайды Ақсерек-ау, ақ серек,
Бізден сізге кім керек.
2-ші топ.
Ақсерек-ау, ақ серек,
Сізден бізге ... (бала аты) керек.
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан
қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Серуеннен оралу
Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
Түскі ас
Гигиеналық дағдылар "Тап-таза қолдар" ойын жаттығуы
Мақсат-міндеттер. Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Көркем сөз.
Қасықтарымыз біздің,
Таңқалдырар барлығын!
Қасықтарым сиқырлы,
Тауысады тағамды.
Міне тағам, міне ас,
Қасық түк те қалдырмас!
(мәдени-гигиеналық дағдылар)