Балалармен жеке жұмыс
|
Жаңылтпаштар айту
1) Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
2) Тақпақ жаттап,
Айтсақ жақсы-ақ.
Жатқа тақпақ,
Жатта тақ-тақ.
3) Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді,
Ауырға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
|
Саусақ жаттығуы. "Қонжық".
Қонжық жүрсе орманда, (жұдырықтарды қысып, бір жағымен үстелге, тізеге соққылау).
Томпаң-томпаң басады.
Қорбаң-қорбаң қорбаңдап, (алақандарды ашып, саусақ ұштарын бір-біріне қарсы салып, алақандардың ішкі жағымен соққылау)
Бізді көрсе - қашады. (саусақтарды алға қарату, кезекпен соққылау)
(сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)
|
"Сөйлем құрастыру".
Мақсат-міндеттер: суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер, шағын әңгіме құрастыруға балаларды машықтандыру; байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы жиһаздар мен техника және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту.
(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
|
Жұмбақтар
Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жат деп, Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп. (Телефон)
Іші салқын,мұзы бар,
Күнкей қашқан қой сынды,
Жылыда тез бұзылар,
Барша тағам тығылар. (Тоңазытқыш)
Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық
Киімдердің қыртысын,
Береді тез жазып.(Үтік)
Кір-қоқысты сүймейді, Сыртқа қуып сүйрейді.(Сыпырғыш)
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
|
Санамақ
Төртеу санның көркі екен.
Төрт аяқпен жануар,
Стол, төсек... тағы бар..
Төрт аяқпен нық тұрар,
Төрт бірлікті ұқтырар.
Бес дегеннің цифры,
Қарап тұрсаң оп-оңай.
Үштің басын қайырып,
Қоя салған жай бұрап.
Ә. Табылдиев
|