Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары



бет10/14
Дата10.03.2023
өлшемі27,75 Kb.
#72905
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары

Оятпақ жаттығулары.
"Көңілді аяқтар"
Аяқтарды биік көтер, міне былай,
Топ, топ, топ!
Көңілдірек! Биігірек! Міне былай:
Хоп, хоп, хоп!
Қоңыраулар сыңғыр-сыңғыр,
Қатты-қатты, сылдыр-сыңғыр!
Шап жүйрігім, шап-шап,
Тпру - ру -у, тұлпарым:
Тоқтат! Тоқтат!
Мәдени–гигиеналық дағдылар жайлы білімдерін бекіту.
(мәдени-гигиеналық дағдылар)

Бесін ас

Алдына қойған асқа назар аударту; дастарқан басында отыру мәдениеті, тамақтану мәдениетіне баулуға бағытталған жеке-дара жұмыс; этикет ережелері. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Математика негіздерінен ойын-жаттығу
"Дастарқан жаю дәстүрі".
Мақсат-міндеттер. Балаларды екі түрлі зат топтарын салыстыруда тұстастыру және беттестіру тәсілдерін қолдануға үйрету, салыстыру нәтижесін айтқызып үйрету; жазықтықтағы сол жақты, оң жақты, ортасын, жоғары, төмен жақтарын анықтап, жаттығулар орындауға үйрету; қолдың ұсақ моторикасын, зейінді, ойлау қабілетін дамыту.


Ұлттық ойын "Арқан тарту"
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады.
Қай топ арқанды өз жағына тартып алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

Құрастырудан ойын-жаттығу
"Диван".
Мақсат-міндеттер. Балаларды кірпіштерді, білеулерді өзара түрлі орналастырып, диванды жасауға үйрету; кірпіштің қасиеттерін іс-тәжірибеге, үлгіге және педагогтің нұсқамаларына сүйеніп, зерттеу жасауға жаттықтыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет