Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Бағдаршамды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)



бет6/14
Дата10.03.2023
өлшемі27,75 Kb.
#72905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бағдаршамды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттер. Балаларға бағдаршам туралы ұғым беру, бағдаршамның түсі үш түрлі шамдарының кезегімен жанып, көше қозғалысына әсер етететінін байқату; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Егер жақын көшеде бағдаршам көрінбей жатса немесе бағдаршам болмаса, педагог бағдаршамның пішінін немесе суретін көрсетуі мүмкін.
- Балалар, бұл не?
- Бұл - бағдаршам. Қайталайықшы.
- Жарайсыңдар!
- Бағдаршам не үшін керек?
"Бағдаршамдар ұйықтамайды".
Бағдаршамдар ұйықтамайды,
Жымыңдайды, жымыңдайды.
Бір қарасаң – қып-қызыл,
Екі десе – сап-сары.
Тоқтай тұрсаң – жап-жасыл.
Көзі көп, біреу басы.
Д. Ахметова
Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары)
Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
"Машиналар жүреді" қимылды ойыны.
Мақсат-міндеттер. Балаларды қызыл, жасыл не сары түсті таңбалауыштардың біріне сәйкес қимылдарды жасауға үйрету; топтасып, бір-біріне соғылмай жүре білу дағдыларын қалыптастыру; жағымды әсерлерге бөленуге тәрбиелеу.
Педагог балаларға кезегімен қызыл, сары және жасыл таңбалауыштарды көрсетіп жатып, белгілі таңбалауышқа сай қимылдарды жасауды ұсынады:
- жасыл таңбалауыш - қолға рульді ұстаған ұқсап, ары-бері, жан-жаққа бағыттап жүгіру;
- сары таңбалауыш - орнында тоқтап, шапалақтау,
- жасыл таңбалауыш - жерге шоқайып отыру.
- Бағдаршамда жасыл шам -
Жол ашық, машиналар.
Бағдаршамда сары шам -
Шапалақта, балалар.
Бағдаршамда қызыл шам -
Тоқтасын машиналар.
Ойын екі рет өткізіледі.
"Шеңберге дәлде" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: балаларда нысанаға (қарды) дәлдеп ата білу, ептілік, мергенділік қабілеттерін дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет