Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(сөйлеуді дамыту, математика негіздері, қоршаған ортамен танысу)



бет2/14
Дата10.03.2023
өлшемі27,75 Kb.
#72905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
(сөйлеуді дамыту, математика негіздері, қоршаған ортамен танысу)

Мақсат-міндеттер. Кейбір дауыссыз (к-қ) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту.


(қазақ тілі)

"Ақылды көліктер" дидактикалық ойыны.
Мақсаты: адамдардың жұмыстарын жеңілтуде көліктердің көмегі туралы балалардың білімдерін бекіту; істейтін қызметтеріне қарай көліктерді топтастыруға, аттарын дұрыс атауға үйрету, сөздік қорларын молайту.

"Біздің көмекшілеріміз не?" үстел-үсті ойыны.
Мақсат-міндеттер: ересектердің жұмысын жеңілдететін тұрмыстық заттар туралы балалардың білімдерін бекіту.
(сөйлеуді дамыту)

"Би билеген баламыз" жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: балалардың жағымды эмоцияларын, дене мүшелерін дамыту..
Жаттығу жасап көреміз, (Адымдау)
Қолды көкке көтереміз, (Қолдар жоғары)
Түсіріп белге төмен, (Қол белде)
Еңкейеміз, еңкейеміз. (Оң-сол жаққа еңкею)
Өкше қойып, басамыз, (Оң жақ өкше, адымдау)
Өкше қойып, басамыз. (Сол жақ өкше, адымдау)
Міне, қандай әдемі, (Қол белде, бас шайқау)
Би билеген баламыз. (Шапалақтау)
(сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)

"Суретті құрастыр" ойыны.


Мақсат-міндеттер: балаларды бөлшектерден тұтас бөлік құрауға үйрету.
(математика негіздері)

Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (алақанға шақ текшелермен).
1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
1.1. Балалар қолдарын алға созып, алақандарын ашып, текшелерін көрсетіп "міне" деген сөзді айтады.
1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады).
2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, текше ұстаған қол көкірек тұсында.
2.1. Оңға бұрылып, қолдарын созып, текшелерін көрсетіп "міне" деген сөзді айтады.
2.2. Бастапқы қалып. (дәл осы жаттығу сол жаққа және 4 рет қайталанады).
3.Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене бос, қол төменде.
3.1. Жерге отырып, қолдарын алға созып "міне" деген сөзді айтады.
3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, текше ұстаған қол көкірек тұсында.
4.1. Бір орында тұрып секіру, екі қолды көкірек тұсында ұстап, алақандарын жұму.
4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет