Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет1/7
Дата16.03.2023
өлшемі24,02 Kb.
#74736
  1   2   3   4   5   6   7




ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)




Топ/сынып

Ересек топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы




Балалардың жасы

4 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні




Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

20.03-24.03.2023ж.

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма



















Күн тәртібі
















Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Кеңес. "Саусақ жаттығулары".
Қолдың ұсақ моторикасын дамытудың маңыздылығын түсіндіру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

"Ойыншықтардағы тәртіп".
Мақсат-міндеттер: жұмыс басталар алдында балаларға жұмыс алжапқышын киюді үйрету; ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою. Еңбекқорлықты, тәртіпсіздікті көре білуді дамыту; сумен жұмыс кезінде ұқыптылықты дамыту. Өз еңбегі мен басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
(еңбек дағдылары)










"Кір сүлгілерді ауыстыру".
Мақсат-міндеттер: еңбекке деген тұрақты қызығушылықты сақтау, тапсырманы мұқият орындауға ұмтылу. Сүлгіні жеке ұяшыққа іліп қоюды үйрету.
(еңбек дағдылары)

«Менің көңіл-күйім»
Ойынның мақсаты: мейрімділікке, жақын адамның көңіл-күйін көре білуге тәрбиелеу .
Балалар кезек-кезек жылдың қай мезгілі, табиғат құбылысы, ауа-райы олардың бүгінгі көңіл-күйіне ұқсас екенін айтады.
Салыстыруды тәрбиеші бастауы тиіс: «Менің көңіл-күйім көгілдір аспандағы ақ ұлпа бұлттарға ұқсайды, сенің көңіл-күйің қандай?» деп, балаларды ойынға тартады. Ойынның соңында тәрбиеші қорытындылайды – бүгін топтың көңіл-күйі қандай: көңілсіз, көңілді, күлкілі, ызалы екенін айтады.
Қолайсыз ауа-райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты агрессивті элементтер эмоционалды күйзелісті көрсететінін түсіндіру керек.










"Киіз басу" рөлдік ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларға киізді басу әрекеттеріне машықтандыру; ересектердің еңбегіне деген қызығушылықты арттыру; ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Құралдары: киізге ұқсас көрпелер, таяқтар, жіптер.
Киіз басып аяқпен,
Дөңгелентіп аламыз.
Сабалаймыз таяқпен,
Білектейміз, жаямыз.
Г. Кужагулова.
(сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)

Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (кішкентай доптармен)
1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қолдағы доптар төменде
1.1 - балалар доптарымен қолдарын жоғары көтеріп, оң жаққа бұрылады;
1.2 - бастапқы қалыпқа келу.
1.3 - балалар доптарымен сол жаққа бұрылады;
1.2 - бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 5 рет қайталанады).
2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде
2.1 - аяқтың ұшына тұрып, қолдарын жоғары көтеріп, доптарын сермейді;
2.2 - бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 5 рет қайталанады).
3. Бастапқы қалып: аяқтары бірге, дене тік, доптар төменде
3.1 - жерге жартылай отырып, қолдарын жоғары көтеріп, доптарын көрсетеді;
3.2 - бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 4 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде
4.1 - доптарын көкірек тұсында ұстап, бір орында айналып секіру (оң және сол жаққа).
4.2 - бастапқы қалыпқа келу (жаттығу 5 рет қайталанады).
(дене шынықтыру)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Көркем сөз
Ас ішудің мәдениетін
Сен есіңнен шығарма.
Арқаңды түзу ұста,
Жан-жағына қарама.
Асыңды ішіп, болған соң,
"Рақмет" айт аспазға.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет