(Танымдық іс-әрекеті)
Досымен жақсы ойнайтын ойыншығын таңдап, бірлесе сол ойыншықтың мүсінін ермексаздан мүсіндету.
Кітаптардағы суреттерге қарап сурет салдырту.
(Шығармашылық іс-әрекеті)
|
Өлеңдерді оқып беру
Бір шаңырақ астында
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз,
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз!
Н.Айтов
тақпақтың бір бөлігін жаттату.
(Қарым-қатынас іс-әрекеті)
Топта бар кейіпкерлер киімдерін киіп, рөлдерге еніп ойнауына жағдай жасау.
(Танымдық іс-әрекеті)
|
Табиғи қалдық заттардан шаңырақ жасату.
(Танымдық, шығармашылық іс-әрекеті)
Кітаптардан балалардың сұранысы бойынша ертегі, тақпақтар, әңгімелер оқып беру. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, балалардың ертегіні мазмұндауын бақылау.
Тақпақтарын қайталату.
(Қарым-қатынас іс-әрекеті)
|
Орталықтарға бөлініп өздері таңдаған достарының суретін салғызу, мүсінін жасату, қағаздан қиып композиция жасату. (шығармашылық іс-әрекет)
Кітаптардан әр түрлі жұмыс құралдарын қарап олармен не істейтіні туралы әңгімелесу.
(Қарым-қатынас, танымдық іс-әрекеті)
|
Апта бойы жасалған іс әрекеттерді естеріне түсіріп, ерекше әсер алған сәттермен бөлісу. Жаңа сөздерді пысықтау
(Қарым-қатынас іс-әрекеті)
Топтағы, үйдегі ережелерді орындау жайлы, өзін өзі басқару тәртібі туралы әңгімелесу. Өз ойларын айтқызу.
(Танымдық, зерттеу іс-әрекеті)
|