Балалармен жеке жұмыс
|
Мамандықтар киімдерін Алинурға кигізіп, рөлдерге еніп ойнауына жағдай жасау.
|
Розминаға кітаптардан әр түрлі жұмыс құралдарын қарап олармен не істейтіні туралы әңгімелесу.
|
Дианаға үйдегі ережелерді орындау жайлы, өзін өзі басқару тәртібі туралы әңгімелесу. Өз ойын айтқызу.
|
Аделияға қайалату
Бір шаңырақ астында
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз,
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз!
|
Бір топ балаларды көңілді музыкаға би билету.
|
Серуенге дайындық
|
Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.
Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
|
Серуен
|
Қимылды ойын «Ақсерек көксерек»
Көңілді музыкаға би билету. Достық мерекесіне арналған ертеңгілікке дайындық
(музыка)
Балалардың еркін ойындары
|
Қимылды ойын «Поезд»
Балалардың еркін ойындары
|
Қимылды ойын
«Кетті кетті»
Балалардың еркін ойындары
|
Қимылды ойын
«Ақ серек көк серек»
|
Қимылды ойындар
«Түйілген орамал»
Балалардың еркін ойындары
|
Кешкі ас
|
Кешкі ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)
Өз орнын тауып отыру. Ас болсын сөзін айтуды қалыптастыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру. (сөйлеуді дамыту)
|
|