Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Ақ сандық, көк сандық" қимыл-қозғалыс ойыны



бет9/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo

"Ақ сандық, көк сандық" қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартын бұзбай ойнай білуге дағдыландыру; ойын жүргізушіні мұқият тыңдай білуге, шыдамдылыққа, шапшаңдыққа баулу.
Екі бала бір-біріне арқаларын беріп, қол ұстасып отыру керек.
Жүргізуші былай жариялайды:
Ертең ауылым көшеді,
Уық-буын шешеді.
Қара қойым қашады,
Құмалағын шашады.
Ақ сандық, көк сандық,
Арқан тарт, кілем арт!
Балалар "арт" сөзін естісе, бұны белгі деп түсініп, қол ұстасып, тез тұруы керек. Қайсы қарсыласын арқалап кетсе, сол шарт қояды. Қарсыласы айтылған үй жануарының (құсының) дыбыстағанын келтіреді.
"Көбелектер" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Белгі бойынша жүгіру бағытын, тоқтамай, өзгерте білуге машықтандыру; кеңістікті бағдарлау, қимылдарды үйлестіру қабілеттерін жетілдіру.
Педагог ойын барысында "Оңға!", "Солға!", "Кері!", "Алға!" деп, белгілер беруі мүмкін.
Балалар кездейсоқ айтылған белгілерді ести жүріп, жүгіру бағыттарын жылдам өзгертіп, ары қарай қимылдау тиіс.
Демалу кезеңін ескеруге болады. Балалар "Гүлдер!" атты белгі бойынша өз орындарына тоқтап қала алады.
Еркін ойындар.

Бақылау. "Көгөніс өсірушілер мен бағбандардың еңбегі". (қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттері. Көгөністер мен жемістердің атауларын жинақтау, жалпылауды дұрыс қолдану («көгөністер», «жемістер»); көгөніс өсірушілер мен бағбандар жұмысының мазмұны мен табиғаты туралы ойларын бекіту, көгөністер өсіру бойынша жұмыстардың жүйелілігі, техниканы пайдалану және олардың көгөніс өндірісіндегі рөлі туралы балалардың білімдерін нақтылау.
Ересектердің көгөніс бақтарындағы, бақтардағы, саябақтардағы жұмысына, көгөністер мен жемістерді ауыл немесе қаланың көшелерінде тасымалдау, оларды дүңгіршектер мен дүкендерде, көгөніс базарларында сату бойынша бақылау жүргізілді.
Сабаққа көгөністер мен жемістердің 5-6 түрі дайындалады, көгөніс өсірушілер мен бағбандардың еңбек құралдары бейнеленген суреттер жиынтығы және кейбір ауылшаруашылық техникасы (трактор, қызылша жинайтын комбайн, картоп отырғызушылар және тағы басқа) дайындалады, көгөністер мен жемістер туралы жұмбақтар.
Сабақтың басында педагог көгөністер мен жемістерді балалармен бірге тексереді, балаларды «көгөністер» мен «жемістерді» жалпылауды жіктеуге және түсінуге машықтандырады, олар туралы жұмбақтар ойлап табуды үйретеді.
Педагог балалардың көгөністер мен жемістер қайда өсетіндігі және оны кім өсіретіні туралы түсініктерін тиянақтайды: ауыл тұрғындары, көгөніс өсірушілер мен бағбандар оларды қандай өсіретінін анықтайды, мамандық атауы, жұмыс орны (көгөніс бағы, егістік, бақ) туралы білімдерін бекітеді. Көгөніс өсірушілер мен бағбандар мол өнім өсіруге тырысып жатқанын баса айтады, олар татулықта жұмыс істейді. Олар өсірген көгөністер мен жемістер қалаға әкелінеді, адамдар оны дүкендерден және базардан сатып алады. Қалада тұратын ересектер мен балалар дәмді көгөністер мен жемістерді жейді және ауыл тұрғындарына жұмыстары үшін алғыс айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет