Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет8/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo

Серуенге дайындық

Мақсат-міндеттері:
- киімді дұрыс бүктеп жинауды, орнына ілуді, аяқкиімді түзу қоюды әдетке айналдыру;
- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуге дағдыландыру;
- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, сырт киім, аяққиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауға тәрбиелеу;
- ауа райына сай киінуді, киімді, аяқкиімді таза ұстауға баулу;
- басқаларға көмек көрсетуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Бақылау. "Көгөністер - тірі дәрумендер". (қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттері. Балалардың көгөністер туралы білімдерін бекіту (көгөністердің атаулары, олардың бөліктері), ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуды үйрету (иісі, дәмі, сыртқы түрі мен жанасуы бойынша).
Көркемсөз
Көгөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік,
Көктемде еккен көгөніс,
Күзде берді көп өнім.
- Балалар, сендер жақсы білесіңдер, көктемде табиғат жаңаша күйге енеді. Жаңадан шөп шығып, өсімдіктер өседі. Осы кезде бау-бақшаны баптап, көгөністер отырғызамыз. Көгөністердің бірнеше түрлері бар. Адамдар оларға жаз бойы су құйып, күтіп-баптайды. Әрбір көгөніс дәнегінен (тұқымынан) пайда болып өседі. Біздің күнделікті жеп жүрген көгөністер бау-бақшаның өнімі. Көгөністердің адам ағзасына пайдасы мол.
"Бақшашылар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балалардың көгөністерді бірлесіп жинауларын ұйымдастыру.
Ойын ережесі: тәрбиешінің белгі беруін күтіп, эстафетаны жалғастыру.
Еңбек: бақшадағы жұмыс. Көгөністерді жинау. (еңбек іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттері. Бақшадағы көгөністерді жинауға атсалысып, ересектер мен жолдастарына белсенді түрде көмек көрсеткен балаларды мақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет