Математиканегіздері "Нанның артығы болмайды"
Мақсат-міндеттері. Балалардың он саны көлемінде тура және кері санай білу қабілетін арттыру; ұзындығы бес түрлі жолдардың ұзындығын, беттестіру, тұстастыру және логикалық ойлау амалдары арқылы салыстыру дағдыларын жетілдіру.
Сөйлеуді дамыту "Жемістер мен көгөністер".
Мақсат-міндеттері. Күз мезгілінің байлығын түсіндіруді пысықтау.
Музыка "Бауырсақ"
Мақсат-міндеттері. Балаларды күйді тыңдай отырып, оның сыр-сипатын ажырата білу қабілетін арттыру; әнді айтуда дыбыс ұзақтығы туралы ұғымын қалыптастыру.
Қоршаған ортамен таныстыру "Жыл құстары".
Мақсат-міндеттері. Балаларға құстар туралы білім беру, құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, музыка)
Сауат ашу негіздері "[о] дыбысы және О о әрпі".
Мақсат-міндеттері. [о] дыбысымен таныстыру, айтылу ерекшелігіне қарай [о] дыбысының дауысты дыбыс екенін, жуан естілетінін өздеріне анықтатқызу.
Дене шынықтыру "Қатар орналасқан таяқтардан екі аяқпен аттап секіру"
Мақсат-міндеттері. Балаларға екі аяқпен бірге, бар пәрменімен секіруді, аяқтың ұшымен түсуді, қол мен аяқ қозғалысының үйлесімділігін сақтауды үйрету.
Көркем әдебиет Күләш Ахметова «Алтын дән» (өлең).
Мақсат-міндеттері. Балаларды «Алтын дән» өлеңімен таныстыру; балалардың еңбекке қызығушылығын қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуді үйрету; еске сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру; адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті)
2- таңғы ас
Тағамның атауын еске сақтау, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркемсөзді қайталау)