Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Заттарды пазл ішіне орналастыру" үстел үсті ойыны



бет2/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo

"Заттарды пазл ішіне орналастыру" үстел үсті ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін дамыту.
"Фигура жаса" қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларды жүгіруге жаттықтыру.
Ойын ережелері. Балалар ойын алаңынынң бүкіл жерінде жүгіріп жүреді. Белгі берілген кезде орындарына жылдам тұрып, әртүрлі қимыл көрсеткен қалыпта тұра қалу керек. Шалқайып отыру, қолдарын көтеру, аяқтарын көтеру және тағы басқа. Тәрбиеші кімнің фигурасы қызықты екенін атап өтеді. Жыл соңына қарай ойын күрделене түседі, оған топтық фигуралар енгізіледі (жұппен,
үш). Педагог балаларға белгілі бір позициядағы фигураны ұсынуға кеңес беріледі: тұру, еңбектеген қалпында, отырған қалпында және тағы басқа. (дене шынықтыру)

"Домино" дидактикалық үстел үсті ойыны.
Мақсат-міндеттері. Баланың топтамалар туралы білімдерін дамыту, пысықтау; сәйкес заттың бейнесін табуды, дұрыс атауды, оның атқаратын қызметі жайында бір сөйлемді құрастыруға дағдыландыру; қабылдау, зейін, ойлау қабілеттері, қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру.
Ойын шарты.
Суреттері сәйкес келетін карточкалардың біріне қатарлап тізіп қою, қай бала бәрінен бұрын барлық карточкаларын қояды, сол бала ойында жеңіп шығады.
Қажетті құралдар: бірдей қос суреттер, әртүрлі объектілер бейнеленген, көлемдері 5×6 см карточкалар.
"Арқан тарту" ұлттық қимыл-қозғалыс ойыны.
Мақсат-міндеттері. Ұлттық ойынды жаңғырту, ойынға қызығушылықтарын арттыру; ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру; күш-жігерін дамыту, шыдамдылыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты. Балалар екі топқа бөлініп, арқанның екі ұшынан ұстап, белгіленген меже бойынша күш сынасып тартысады.
Берілген межеден асып кеткен топ жеңіледі. Оларды өздеріне тартып алған топ мәреге жетеді. Ойын осылай жалғаса береді. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, дене шынықтыру)

Үстел үсті ойыны.
"Дойбы".
Мақсат-міндеттері. Балалардың ойлау қабілетін, зейінін дамытады. Зеректікке баулиды.
Ойынның мақсаты.
Қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау.
Дамытушы ойын.
"Көлеңкесін тап".
Мақсат-міндеттері. Зейін, ойлау қабілетін, ынтасын дамыту.
Балалар жануарлардың көлеңкесін суретімен сәйкестендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет