Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Қоршаған ортамен таныстыру



бет6/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo

Қоршаған ортамен таныстыру
"Күз мезгіліндегі маусымдық өзгерістер".
Мақсат-міндеттері. Балалардың табиғаттағы жыл мезгілдеріндегі маусымдық өзгерістер туралы ұғымдарын жетілдіру; табиғаттағы ауа райының жай-күйін бақылауды және табиғат күнтізбесіндегі бақылау нәтижелерін атап өтуді үйрету. (қазақ тілі, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Сауат ашу негіздері
"[р] дыбысы және Р р әрпін қайталау".
Мақсат-міндеттері. [Р] дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру.


Математика негіздері
"Күзгі жапырақтар шашуы".
Мақсат-міндеттері. Балалардың ұғымында "төрт" саны туралы түсінік қалыптастыру, 4 цифрын тану және 4-ке дейін жылдам санауды жаттықтыру; "төрт" жиын санының екі ең кіші элементтері"бір" және "үш", "екі" мен "екіден" құрылатынын меңгерту.


Музыка
"Менің балапандарым қайда?"
Мақсат-міндеттері. Балалардың музыканы бар ықыластарымен тыңдай білу қабілетін арттыру; әнді тыңдап, мажорлық және минорлық сипаттағы әндерді ажыратуды үйрету.


Сөйлеуді дамыту
"Жемістер мен көгөністер".
Мақсат-міндеттері. Күз мезгілінің байлықтарын түсіндіру. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Математика негіздері
"Күзгі жапырақтар шашуы."
Мақсат-міндеттері. Балалардың ұғымында "төрт" саны туралы түсінік қалыптастыру, 4 цифрын тану және 4-ке дейін жылдам санауды жаттықтыру; "төрт" жиын санының екі ең кіші элементтері "бір" және "үш", "екі" мен "екіден" құрылатынын меңгерту; ағаштарды бір-бірінен ажыратуды, дұрыс атауды үйрету; ағаштарды жапырақтарының ерекшелігі бойынша ажырату дағдысын қалыптастыру; логикалық ойлау, еске сақтау, көру қабілетін дамыту; табиғатқа жанашыр болуға, байқампаздыққа, тиянақтылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Қазақ тілі
"Ұ, Ү дыбыстары (артикуляциясы, тіл ұстарту, сөздердегі дыбыстардың орнын табу) мен әріптері (атау, жазу негіздері)."
Мақсат-міндеттері. Балаларды [ұ], [ү] дыбыстарымен, Ұ ұ және Ү ү әріптерімен таныстыру. Ұ және Ү әріптерін ауада жазып көрсету, [ұ], [ү] дыбыстарының нақты артикуляциялық қалпын қалыптастыру, естуді, ажыратуды үйрету, буындарда, сөздерде дұрыс айтуға дағдыландыру. Ұ және Ү дыбыстарының сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету, [ұ], [ү] дыбыстары кездесетін сөйлем ойлатып, сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу. Төзімділікке, ұқыпты, әдемі, таза жазуға дағдыланады.


Дене шынықтыру
"Салт аттылар"
Мақсат-міндеттері. Балаларда заттарды аттап өту; заттардың арасымен екі аяқты қосып (арақашықтығы 4 м) секіру.


Көркем әдебиет
"Жұмбақтар әлеміне саяхат" пысықтау.
Мақсат-міндеттері. Жұмбақтар туралы түсінік беру. Жұмбақты толық тыңдауды, жауабын табуды үйрету. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, дене шынықтыру, қарым-қатынас іс-әрекеті)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет