(дене шынықтыру)
|
Баяу ойналатын музыка қосылады, оған балалар біртіндеп оянады.
Біртіндеп көтерілу (музыка ақырын ойнайды).
Көркемсөз
Қарсы ал ерте күн көзің,
Төсегіңді жина өзің.
Саусағыңды сормағын,
Олақ, салақ болмағын.
Әдеп қыл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Қарағанда айнаға,
Ұқыпты болсын киімің.
(дене шынықтыру)
|
Балаларды көңілдендіру.
Көркемсөз
Ұйқымыздан тұрайық,
Көзімізді ашайық.
Бізді күтіп тұрмайды,
Жылдам алға басайық!
(дене шынықтыру)
|
Бесін ас
|
Гигиеналық дағдылар
Тамақтану кезінде балаларға ескерту: тамақты ұқыпты ішу, тамақпен ойнамау, тамақ ішкен кезде сөйлеспеу.
Көркемсөз
Үсті-басым ұқыпты,
Таза жүрем әрдайым.
Жолатпаймын кірді мен,
Тазалықты таңдаймын!
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркемсөз, қарым-қатынас іс-әрекеті)
|
Гигиеналық дағдылар
Үстелді жабдықтау, тамақтану кезінде тазалық сақтауға қатытсы әрекеттерді орындау, өзіне-өзі қызмет
көрсету дағдыларын бекіту.
Көркемсөз
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз ертемен,
Көңілді әуен сазымен,
Жаттығуды бастаймыз.
Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркемсөз, қарым-қатынас іс-әрекеті)
|
Гигиеналық дағдылар
Үстелді жабдықтау, тамақтану кезінде тазалық сақтауға қатытсы әрекеттерді орындау, өзіне-өзі қызмет
көрсету дағдыларын бекіту.
Көркемсөз
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркемсөз, қарым-қатынас іс-әрекеті)
|
Гигиеналық дағдылар
Балалардың назарын тағамға аудару; тамақтану мәдениеті бойынша баламен жеке жұмыс; этикет ережесі.
Көркемсөз
Тағы міне, таң атты,
Дайын дәмді тағамдар.
Үлпілдеген тиінге,
Жарып берем жаңғақты.
Қою сүтті беремін,
Мысық пен күшікке.
Түлкіге қою айран,
Тышқанға дән саламын.
Ақ қоянға тәтті нан,
Тосап беремін араға.
Таңғы ботқа береміз,
Бақшадағы балаға.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркемсөз, қарым-қатынас іс-әрекеті)
|
Гигиеналық дағдылар
Қолды жуу ережелерін бекіту; тәрбиешінің тазалық туралы әңгіме айтуы.
Көркемсөз
Су ағызып шүмектен,
Беті-қолды жуамын.
Мойын, мұрын, құлақты,
Тазалатып тұрамын!
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркемсөз, қарым-қатынас іс-әрекеті)
|
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
Дидактикалық ойын. "Не артық?"
Мақсат-міндеттері. Балалардың заттар мен құбылыстар классификациясы жөніндегі білімдерін бекіту; аналитикалық және синтетикалық қабілеттерін, елестету, зейін қабілеттерін дамыту.
Құралдар.
Бірнеше заттар топтамалары немесе олардың заттық сурет-карточкалары.
Шарты.
Жүргізуші бір топтамаға және оған жатпайтын заттарды атайды (көрсетеді), ойыншылар артық затты атау керек. Заттардың жалпы саны төртеу болады.
|