Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркемсөз, қарым-қатынас іс-әрекеті)



бет15/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркемсөз, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттері. Тамақтану кезінде әдептілік мәдениетін қалыптастыруды жалғастыру.
Ас құралдарын дұрыс пайдалану (ас қасық және шай қасық, шанышқы); майлықты ұқыпты пайдалану мүмкіндігі; нанды үгітпеу, тамақты асықпай шайнау, тамақтану кезінде сөйлеспеу; сыпайы болуды үйрету (тамақ үшін алғыс айту, тазалық пен ұқыптылық қажеттілігі.)
Көркемсөз
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен,
Таңертен де, кешке де,
Жуын күндіз де, кешке де,
Жуын күндіз де, түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркемсөз, қарым-қатынас іс-әрекеті)

Күндізгі ұйқы

Тыныш ұйқы үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары

Майтабандылықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолымен жүргізу.
Алған білімдерін бекіту және мәдени-гигиеналық дағдыларды орындау.
"Мөлдір су" ойын жаттығуы.
Ұйқымнан тұрайын,
Бетімді жуайын,
Осылайыша сақтайын,
Тазалықты лайым.
(дене шынықтыру)

Балаларды сипап ояту.
Шашты тарау дененің сауығуына да ықпал етеді.
Содан кейін толық жуыну: қолды шынтаққа дейін, бет, құлақ, мойын. Майтабандықтың алдын алуға арналған жаттығулар, денені тік ұстауға тәрбиелеу.
Жаяу жүру: қабырғалы жол балалардың аяқтарын керемет уқалайды, аяқтың бұлшық еттерін нығайтады, денені тұтастай қорғайды.
Көркемсөз
Түскі ұйқы уақыты,
Төсегіме жатамын.
Ақ көрпемді жамылып
Тәтті ұйқыға батамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет