Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет18/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Дамытушы жаттығу.
"Қанша және қандай айырмашылықтары бар?"
Мақсат-міндеттері. Балалардың қабылдау, зейін, ойлау қабілеттерін дамыту; зеректікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Құралдар: суреттердің жұптары (екінші суретте бірінші суретке қарағанда, көзге көрінбейтін бірнеше өзгерістер болады).
Шарты.
Педагог балаларға бірінші суретті көрсетіп, содан соң оған ұқсас екінші суретті көруді ұсынады. Балалар екінші суретте, біріншіге қарағанда не өзгергенін айтады, айырмашылықтарын табады.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті)


Сюжетті-рөлдік ойын.
"Аспазхана".
Мақсат-міндеттері. Балалардың аспазханада жұмыс істейтін мамандар: аспаз, даяшы, кассир, гардероб қызметкері туралы білімдерін тиянақтау; қоғамдық орындарда әдептілік, тамақтанудағы әдеп ережелерін меңгерту және оны ұстануға ынталандыру; сыпайылық негізінде қарым-қатынастарды құруға, еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу.
Құралдар.
Аспазхана жиһаздары (үстелдер мен орындықтар), аспазхана қызметкерлеріне (аспаз, даяшы, кассир, гардероб қызметкері) киім үлгілері мен құралдары.
Шарты.
Педагог балалармен бірлесіп, алдымен аспазхананың адамдар (тұтынушылар) үшін тағамдар әзірлеу қызметі және оның маңызы туралы әңгімелеседі. Бұл кезде суреттер көрсетіліп, педагогикалық жағдаяттар шешіліп жатады.
Балалардың рөлдерді атқарудағы қалаулары, содан соң санамақ амалы қолданылады.
Педагог балалармен бірге ұсынылатын белгілі тағамдардың тізімдерін, ас-мәзірді жасайды. Ол үшін педагог пен балалар кешкі уақыттарда түрлі тағамдардың суреттерін журналдардан қиып алады, ойында қолданады.
Педагог адамдардың келуі алдында (балалар орындарында отырып) қызметкерлердің жұмысын бақылайды.
Барлық тағамдар әзірленген кезде балалар (тұтынушылар) тамақтану залына шақырылады.
Даяшы келген тұтынушыларға мәзір ұсынады, балалар тапсырыс береді, аспаз әзірлеуді көрсетеді. Даяшы балаларға әкеліп береді, балалар "төлем" жасайды.
Балаларға "даяшы", "мәзір", "тағам" сияқты жаңа сөздерді айтқызу керек, балалар сол сөздерді пайдаланады.
Педагог ойын барысын өзі реттеп жатады, балалардың әрекеттерін белсендіру үшін, қосымша сұрақтар қояды.
Соңында педагог балалармен бірге қорытынды жасайды. Адамдарды дәмді тағамдармен тамақтандыру үшін аспазхана қызметкерлері көп еңбектенетінін айту. Ойында"рақмет" пен "өтінемін" сөздерін қолдану, үстел басында тыныштық сақтау, асықпай тамақтану, құралдарды дұрыс пайдалану, қоғамдық орындарда тәртіпке бағыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет