Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш - қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл прицип мектеп мұғалімдерін, отбасының және қоғамның педагогикалық күш – жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді.
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата - аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қалыптасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы дамытылуда.
Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педогогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы жауапкершілікті сезінбеуі ата –аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ.
Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті – оларды қажетті өмір сүру процесінде дайындау.
Өзін – өзі тәрбиелеуді көбінесе ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды.Біреуі – бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – дөрекіліктен, үшіншілері – тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Мақсатты қою, күш – жігер жұмсау, өзін – өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру – өзін – өзі тірбиелеудің міндетті элементтері.
Оқушылар өзін – өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, олар жиі – жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігімен мінез – құлқына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін – өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікірталстар өткізеді.
Өзін – өзі тәрбиелеу әдістері:
Жеке міндеттеме – белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне – өзі қызмет көрсету. Иландыруға сендіруге ұқсас өзін – өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданылады. Үй тапсырмасын әр кез орындауға, таза жасауға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш – жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін – өзі міндеттеу, өзіне - өзі бұйыру әдісі қолданылады.