11. Өзін – өзі тәрбиелеу дегеніміз не?
А. Жеке адамның қоғамдық мінез – құлқын қалыптастыра отырып, жағымсыз қасиеттерді жоюға әзірлену;
В. Адамның мінез – құлқындағы адамгершілік қасиеттерді танып, жағымсыз қылықтарды жоюға әрекеттенуі;
С. Өздерін үлкендер қатарына қосуға тырысу;
Д. Оқушының зиянды әдеттерін тежеу.
12. Қазқстан Республикасындағы тәрбие беру жұмысы қандай құжатқа негізделген?
А. «Атамекен» бағдарламасына;
В. «Жұлдыз» бағдарламасына;
С. «Кәусар бұлақ» бағдарламасына;
Д. «Мектепке дейінгі және мектеп балаларын тәрбиелеу» тұжырымдамасына.
13. Тәрбиенің құрамды бөліктері.
А. Үйрету, жазалау, түсіндіру;
В. Ақыл – ой тәрбиесі, адамгершілік, еңбек тәрбиесі эстетикалық, экономикалық және дене тәрбиесі, т.б.;
С. Жаттығу, жарыс, дәріс;
Д. Үлгі – өнеге, педагогикалық талап, әңгімелесу.
14. Қайта тәрбиелеу ұғымының сипаттамасы қайсысына сай келеді?
А. Оқушының зиянды әдеттерін тежеу;
В. Кейбір оқушылардың бойындағы зиянды әдет – дағдыларды, қылықтарды тежеп, адамгершіліккке бағыттау;
С. Қиын балаларды жан – жақты зерттеп, жаңа бағыт беру;
Д. Баланың имандылық қасиетін дамыту.
15. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылысы тәжірибиесімен байланыстылық принципінің мәні:
А. Оқушыларды отбасын құрып, еңбек етуге дайындау;
В. Оқушылардың ақыл – ой күші мен ойлауын дамыту;
С. Жеке адамды жан – жақты дамыту;
Д. Оқушының бұлшық етін дамытып, күшін кө бейту.
16. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудің мақсаты:
А. Қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихымен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын ұлт жанды, ұлттық намысы биік, жігерлі адамзаттарды тәрбиелеу;
В. Жастардың денесін шынықтыру, әскер қатарына өз борышын өтей білуге тәрбиелеу;
С. Отанға, өз халқына сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
Д. Осылардың барлығы.
Әдебиеттер
Ж.Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 1998, 2000.
Е.Сағындықұлы. Педагогика. – Алматы, 1999.
С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. – Алматы, 2001.
А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М., 1958.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А., 1995.
Достарыңызбен бөлісу: |