Әр кез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр;
Бұл журналда ешкімге көрсетуші болма.
Бұл ережелерді байтуға болады. Көп ретте адам алдына белгілі бір биік мақсат қойып, өз бетімен ізденіп, өзін – өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын қзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді.
Адам баласының тарихында ондай мысалдар баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды. Алайда, көпшілік алдындағы алғашқы сөзінде – ақ сәтсіздікке ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері ұйқаспай, тілі қүрмелеп, шәлкем – шалыс келе береді. Соны сезген қауым оны тыңдамай, ысқырып, тыжырынады.Оның орнында басқа біреу болса, бұл масқарадын тауы шағылып, қолын бір – ақ сермеп жайны кете барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол елден оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып, дауылды күндері, бұрқ – сарқ болып жағаны ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап, суырып – салма сөздерін қарша боратып, бар дуысымен сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін тілінің астына малта тастар салатын болған. Сондай жан қиярлық табандылық пен ерік – қайрат Демосфенді дегеніне жеткізеді. Ол әлемнің айтулы ұлы шешеніне айналады.
Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман әдеттерден арылтып, жақсы қасиеттерден дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы – соқпақсыз жерде өсіп мыңмен жалғыз алысқан ұлы Абай өзін – өзі тәрбиелеп, өзін – өзі білімдар еткен адам. С.М. Торайғыров «Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толып туған толық айдай» немесе «Қараңғы қазақ көгінді күн болмаған кім болам» деген романтикаға толы батыл жолдарды өзіне және болашақ жастарға арнап айтқан.
Профессор С.Я. Долецкий айтқандай, біз өз қателігімізді ойша айтамыз да өзімізге – өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетеміз. Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда өзіне – өзі кешірім жасау қиынырақ болады дейді.