Тәрбиенің принциптері


Өзін – өзі тәрбиелеу әдістері



бет5/8
Дата06.10.2022
өлшемі59,94 Kb.
#41629
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тәрбиенің принциптері

Өзін – өзі тәрбиелеу әдістері:
Өзін – өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам «Мен енді темекі тартпаймын» деп өзіне – өзі сенімді түрде әр кез айтуы тиіс.
Өзін – өзі сынау әдісі – дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұнын мәдениетсіздік жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғынша, қайталап айтумен болады.
Өзін – өзі тәрбиелеуде өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.
Өзін – өзі жазалау әдісі – алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартада.
Өзін – өзі тәрбиелеудің құрамды бөлімдері:

  • Өз кемшілігіне сын қөзбен қарау, мақсат қою;

  • Өзін – өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау;

  • Әдістерін анықтау;

  • Аутотренинг – жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әірлеуі;

  • Өзін – өзі бақылау.

Тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез – құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де үлкен орын алып, оқушы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу тұлға құрылымын қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету – оқушы санасындағы және іс – әрекетіндегі жеке кемшіліктерінді жеңу.
Қайта тәрбиелеутәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс – әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.
Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркіннің түйсіктерінің іс – әрекеті мен мінез – құлқының әлеуметтік – психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педогогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс- тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі спорттағы және басқа іс – әрекеттегі нәтижелерімен толтыру.
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс – әрекетке көндіктіру, күрт өзгеру, еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет